Лондондағы XXX Жазғы олимпиада ойындарындарының жеңімпаздары құрметіне арналған «XXX олимпиада ойындарындарының Қазақстандық чемпиондары» атты тақырыпта аға оқытушы, филос.ғ.к. Джекебаеваның өткізген ашық сабақ есебі

Қатысқандар:

Философия, әлеуметтану модулінің оқытушылары,

МПД  орыс тобы, 2 курс студенттері

 

№3 аудитория, сағат 9:00 – 9:50

20 сентябрь 2012 ж

         Модуль меңгерушісі Бисембаева З.У. — Біздің олимпиадашыларымыз, чемпиондарымыз бен жүлдегерлеріміздің арасында қазақстан­дық алты ұлттың өкілдері болды. Президент бүкіл халқымыз­дың және өзінің үмітін ақтаған­дары үшін толағайларымыз бен олардың жаттықтырушыла­рына, спортшыларымыздың ұлы олимпиадалық жеңістерін сомдаған барша жанға қазақстандықтар атынан шын жүректен алғыс айтты. Спорт ұйымдастырушыларына да, Ұлттық олимпиялық комитетке де ризашылығын білдірді.

      Әлеуметтану пәнінің аға оқытушысы, филос.ғ.к. Джекебаева М.Ә.- Еліміздің спортшылары Ұлыбритания жерінде 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жеңіп, барлығы 13 медальге қол жеткізді. Жалпы командалық есепте 12 орынға табан тіреп, мерейімізді үстем еткен бұл жеңістердің символдық мәні бар.

       Спортшының Отанына деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы мен табандылығы, жеңімпаз философиясы жастарға үлгі болады. 2012 Лондонда өткен олимпиада чемпион-дарын «Достижения Казахстанских спортсменов на ХХХ олимпиаде в Лондоне -2012» атты стендпен көркемдедік. Ондағы мақсатымыз ұлтымыздың,  Қазақстанның спорт әлеміндегі алған әлемдік орнын көрсету, чемпиондарды мақтаныш ету рухын жастарға үйрету арқылы азаматтық, патриоттық тәрбиені дамыту, жас студенттерді  қызықтыру болып табылған еді. Бүгінгі ашық сабағымызда біз осы көздеген мақсатымызға жеттік деп айтуға толық негіз бар.

Еліміз үшін чемпиондарымыздың 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жеңіп, барлығы 13 медальге қол жеткізгені 12 орыннан көрінгені үлкен абырой, ұлт мәртебесі, біз үшін зор мақтаныш.

Ауыр атлет Илья Ильин еліміздің екі мәрте чемпионы болса, былғары қолғап шебері Серік Сәпиев, велошабандоз Александр Винокуров, зілтеміршілер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және жеңіл атлет Ольга Рыпакова – бәрі алтын медал иегерлері.  Даниял Гаджиев, боксшылар Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Марина Вольнова, балуан Гюзель Манюрова, еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаров та өз орындарын, ойып иеленді.

    Медико-профилактикалық іс факультетінің 2 курс студенті Темирханова Салтанат. –2011 жылы Илья Ильин Францияның Париж қаласында өткен Әлем чемпионатының чемпионы атанып, үш дүркін Әлем чемпионы титулын иеленді. Өз Отанының патриоты Илья  өз қаражатына Қызылорда қаласында балалар спорт алаңының құрылысы жөнінде, қала әкімшілігімен Сәулет Мөлтек ауданында алаң анықталды және осыған сәйкес қаулы шығарылды. Илья Ильиннің салған алаңының жеке құралдарының жалпы қаражаты 10 млн. теңгеден астам құрастырылды. Қалалық әкімшілік алаңның барлық аумағын темір қоршауды дайындауға және орнатуға көмек берді

Баяндамалар соңы баяндамашыларға сұрақтар және пікіралысумен жалғасты.

       Әлеуметтану пәнінің аға оқытушысы Тәуекелова Т.Б.- Бүгінгі ашық сабағымыздың мақсаты болашағымыз жастардың спортқа ұмтылысын арттыру, олимпиада жеңімпаздарының еңбегімен таныстыру, олардың тұлғалық қасиеттерін жастарға үлгі ретінде көрсету, сол арқылы студенттердің бойындағы патриоттық сезімін арттырып, спортқа , салауатты өмір салтына шақыру болатын. Баяндамалар, сұрақтар мен жауаптар, пікіралысулар осы мақсатқа жетуге септігін тигізді. Оқытушылар мен студенттердің пікіралысу соңындағы тұжырымынан қойылған мақсатқа жеттік деп есептеймін. Жеңімпаз елдің жеңімпаз ұландары арта берсін.

        Модуль меңгерушісі Бисембаева З.У. – Біздің ашық сабағымыз өз мақсатына жетті. Студенттер тарапынан көптеген сауалдар қойылып жауаптар алынды. Спортшылардың Отанына деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы мен табандылығы, жеңімпаз философиясы жастарға үлгі болады деген үміттеміз.


Философия, әлеуметтану модулінің аға оқытушы, филос.ғ.к.                                 Джекебаева М.Ә.

 Модуль меңгерушісі, доцент                                           Бисембаева З.У.

Поисковые слова::