Денсаулық сақтау кафедрасы

«Денсаулық сақтау және фармациядағы құқық негіздері бар менеджмент және маркетинг» кафедрасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 28.08.2007 жылғы №23 бұйрығымен ұйымдастырылған. Кафедра ҚР БҒМ-нің 2001 жылы 19 қарашада берген АА сериялы № 0000005 лицензиясы бойынша ҚР МЖОС 3.08.311-20066 және МЖОС 5.13.002-2004 стандарттары бойынша мынадай мамандықтар бойынша дайындап шығарады:

  • 050507 – Менеджмент (менеджмент бакалавры)
  • орта білім негізінде (күндізгі оқыту) – 4 жыл,
  • орта-арнаулы білім негізінде (сырттай оқу) -3 жыл,
  • орта-арнаулы білім негізінде (сырттай оқу) -5 жыл
  • жоғары білім негізінде (сырттай оқу) – 2 жыл.

Бакалавриатты бітірушілерге 050507 – Менеджмент мамандығы бойынша менеджмент бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу бітірушілердің осы мамандық (мененджмент бакалавры) бойынша жұмыс істейтін кәсіби  саласы болып нақтылы экономика секторы, денсаулық сақтау және фармация , қаржы-банк жүйесі, бизнес пен кәсіпкерлік болып есептеледі.

Кәсіби жұмыс барысында атқаратын қызметі болып:

—   өндірістің және оны басқарудың негізгі даму бағыттарын жоспарлау;
—   өндіріс нысандары мен басқару құрылымдарын қалыптастыру, оңтайлы өндірістік аппарат құрастыру;
—   қызметкерлерлдің еңбекке уәждемесін қалыптастырып, олардың белсенділігін көтеру;
—   басқару ісін үйлестіру және бақылау.

6N1101 – Медицина (Қоғамдық денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау саласын басқару) мамандығы бойынша оқып бітірушілерді бірінші 2009 жылы шығарды. 2009 жылдың кыркүйек айында 6N1101 – Медицина  мамандығы жаңадан ашылған «Саясат және денсаулық сақтау саласын басқару» кафедрасына берілді, ал «Философия, саясат тану, әлеумет тану және құқық негіздері» кафедрасындағы «Құқық негіздері» секциясы «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасына ауыстырылды.

Кафедра құрылғаннан бері:

2007-08 оқу жылында – 127 адам,

2008-09 оқу жылында –  91 адам, оның ішінде 14 магистрант,

2009-10 оқу жылында – 169 адам оқып шықты.

Кафедра  менждмент және маркетинг негіздері,  менджмент теориясы және тәжірибесі, өндірістік менеджмент, қаржылық менджмент, маркетинг, әлеуметтік саланы реттеу, кәсіпкерлік құқық, әкімшілік құқық, бизнесті ұйымдастыру, персоналды басқару және  тағы сол сияқты отызға жуық пәндерді жүргізеді.

Кафедра оқытушылары бітірушілер өтетін оқу және өндірістік практикаларға және дипломдық жұмыстарғы жетекшілік жасайды.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг  құқық негіздерімен» кафедрасының басшылар құрамы э.ғ.к., Сыздықова Күләш Шаймолденқызы, оқу ісінің меңгерушісі Рахымжанова Екатерина Болысбекқызы. «Денсаулық сақтау және фармациядағы құқық негіздері бар менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (ОПҚ) 19 оқытушыдан тұрады, оның ішінде Алматы қаласының іргелі жоғарғы оқу орындарының 4 жоғары білікті оқытушылары сабақты қоса атқарды (Қазақ-Британ техникалық университеті,

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті, т.б.). Олардың ішінде  5 э.ғ.к., доцент,  6 аға оқытушы, 5 оқытушы бар. Кафедра оқытушыларының  32% ның ғылыми дәрежесі бар. Мемлекеттік тілде 17 оқытушы сабақ береді (95%), оның ішінде 5 оқытушының  ғылыми  дәрежесі бар. Кафедрадағы  ОПҚ-ның орташа жасы 39.

Кафедра «Қазақстан Республикасындағы  бүгінгі менеджмент – жаһандану жағдайында» атты тақырыпта ынталы ғылыми жұмыстармен айналысуда. Бұл жұмыстың мақсаты жаһандану кезінде менеджменттің келешегі мен даму жолдары мен оның теоретикалық аспектісін зерделеу, ҚР жағдайында менеджмент саласындағы мәселелерді тауып, оларды саралау, ҚР менеджменттің бүгінгі даму қарқынын анықтау болып табылады.

Бүгінгі 35 сертификат алып отырған кафедра ОПҚ құрамының өз біліктілігін ұдайы  көтерумен айналысатындығын көрсетеді.

Кафедра оқытушылары жыл сайын ҚР жоғары оқу орындары ұйымдастыратын республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық мәжілістерге қатысып, онда ғылыми баяндамалар жасап, мәжіліс жинақтарында өз мақалаларын бастырып тұрады.  Олардың жетекшілігімен 050507 – Менеджмент мамандығы бойынша студенттер жоғары оқу орындары студенттері арасында өтетін мәжілістерге қатысып, бірнеше жүлделі орындарға, мақтау қағаздарына ие болды.

Кафедра оқытушылары мен студенттер ұжымы қоғамдық жұмыстар мен көпшілік-мәдени шараларғада  қатысып тұрады. Жыл сайын  өтетін жас студенттерге арналған жиындарға белсенді араласады.  Университеттің  80 жылдық  мерейлі тойына кафедрадан «Ата заң», «Кафедра туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер» атты және кафедраның қызметін баяндайтын  туралы бейнетүсірілім дайындады. Университетте өткен  «Екі жұлдыз» ән байқауында кафедра оқытушылары мен студенттері бірінші жүлдені жеңіп алды.

Бүгінгі таңда кафедра оқу-әдістемелік, зерттеме жұмыстарына мемлекеттік тілде экономикалық және құқылық оқу құралдарын шығаруға көңіл бөлуде.