«Жанұя» балалар үйіндегі балаларды мерекелерімен құттықтап қайтты

01.06.12 күні медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы қызметкерлері мен жалпы медицина факультетінің 04/2 топ студенттері «Жанұя» балалар үйіндегі балаларды мерекелерімен құттықтап қайтты.

Аға оқытушы Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және 4/2 топ студенттері

25.05.12 күні медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс – шара ұйымдастырды

Шараға ректордың кеңесшісі профессор Ж.Ғ.Мустафина, жалпы медицина факультетінің 1 курс және денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент факультетінің 3 курс студенттері қатысты. Бағдарлама бойынша студенттер өздері дайындаған көріністер, видеороликтер көрсетілсе, сонымен қатар өздері шығарған өлеңдер мен әндер  шырқалды.

Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры. 17.03.12ж.

«Жалпы медицина» факультетінің 035(1,2) топтарымен «Медициналық биофизика, информатика және математика» кафедрасының аға оқытушысы Рахымбаева Гүлбаршын Сабетқызының тәрбие жұмысы бойынша «Түрген сарқырамасындағы» демалыс кезі. 20.05.2012ж

Екі жұлдыз

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ  Ұлттық  медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында,тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның  бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауы өз мәресіне жетті. Осы ән-байқауға кафедрамыздың информатика пәнінің оқытушысы Баракова Әлия Шаризатқызы және 1-курс студенті Амангелді  Жанат қатысқан болатын. Сонғы 3- турда қатысушыларымыз «Балалық шаққа саяхат» әнін орындап шыгып, үш турдын қорытындысы бойынша 1- орынды еншіледі.