Let’s talk about love

Шет тілдер кафедрасында “Let`s talk about love” тақырыбы бойынша Жалпы медицина факультетінің 11-034 (1,2) топтарында факультативтік сабақ өткізілді. (жауапты оқытушылар Ибрагимова А.М., Жумагулова К.Ж.). Сабақтың мақсаты: студенттерді қазақ жазушылары мен ағылшын жазушысы У. Шекспирдің шығармаларымен таныстыру және студенттердің шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттару. Студенттер Шекспирдің «Ромео мен Джульета» трагедиясынан үзінділер көрсетті. Сонымен қатар сонеталардан үзінділер оқылды. Викториналар ойналды және костьюмдер мен реквизиттер дайындалды.