«Ғылым әлеміндегі жастар — әлеуметтік-философиялық талдау» атты дөңгелек үстел есебі

2014 ж. 13 мамыр күні сағат 12:00 Қазақстан-Үнді елшілігінің ғимаратында, 1 В дәрісханасында «Ғылым әлеміндегі жастар — әлеуметтік-философиялық талдау» атты дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы (кафедра меңгерушісі, фил.ғ.к., доцент Бисембаева З.У., оқытушылар: М.А. Джекебаева, Н.А.Абдразакова, С.Д.Турсунбаева, Ж.Алдубашева, Исаева М.И, Маликов Б.) және «Жалпы медицина» факультетінің 1, 2 курс студенттері.

 

Дөңгелек үстел қонақтары:

1.  Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесінің «Ариана»  қоғамдық бірлестігінің, ауғандық орталығының  төрағасы -Ахмадулла Восток. – «ҚазҰМУ-да ауған студенттерінің білім алуы».

2. «Түркі мәдениеті» қорының президенті – т.ғ.д., профессор — Ахмет   Дағдоран. – «Түрік-қазақ бір туған».

3. Жалпы білім беру департаментінің директоры Нагайбаева З.А. -«Пути научной активизации студентов КазНМУ».

4. Жалпы медицина факультетінің деканы –м.ғ.д. Джумашева Р.Т.   

  

 Модератор:  аға оқытушы, филос.ғ.к. Джекебаева М.А.

 

Дөңгелек үстелде келесі баяндамалар оқылды:

  1. «Қазіргі медицинаның өзекті философиялық мәселелері» — Б. Назархан  – «Жалпы медицина»  факультетінің 2 курс 12-07-2 топ студенті. Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Бисембаева З.У.

2. «Ғ.Есім-жақсылық-жамандық идеясы» – Тұрлығазы Д. — «Жалпы медицина» факультетінің 13-013 топ 1 курс студенті. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, филос.ғ.к. Джекебаева М.А.

  1. «Социологическая  стратификация в Республики Казахстан» — А. Уразбаева- «Жалпы медицина»  факультетінің 12-41 топ студенті. Ғылыми жетекшісі:  доцент Нагайбаева З.А.
  2. «Традиции гуманизма в истории человечества»- Рахматуллаева А. Фармация факультетінің 12-04 топ студенті. Ғылыми жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Бисембаева З.У.,
  3. «Қазіргі медицинаның мәселелеріне ислам діні тұрғысынан көзқарас» — Бұрхан Е. — «Жалпы медицина»  факультетінің 12-07 топ студенті. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы  Н.А.Абдразакова.
  4. «Гуманизм адамгершілік бастаулары» – Үбіғалиева А. — «Жалпы медицина»  факультетінің 12-07 топ студенті. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, филос.ғ.к. Джекебаева М.А.
  5. «Шығыс медицинасы философиялық негізі» – Нағашыбай А – «Жалпы медицина»  факультетінің 2 курс 12-026-2 топ студенті. Ғылыми жетекшісі:  оқытушы С.Д.Турсунбаева.
  6. «Қазақстанның даму моделін қалыптастыруындағы жастардың ролі» — Мухитдинова М. — «Жалпы медицина»  факультетінің 12-014 топ студенті. Ғылыми жетекшісі: PhD докторы,  оқытушы Алдубашева Ж.М.
  7.    «Еуроазиялық одақ – пайдасы және зарары» Аманжолова Ж. — «Фармация»  факультетінің 13-01 топ студенті. Жетекшісі: оқытушы М.И.Исаева.
  8. «Роль образования в формировании личности»- Лавриненко М. — «Жалпы медицина»  факультетінің 12-038 ОМ топ студенті. Ғылыми жетекшісі: PhD докторы,  оқытушы Алдубашева Ж.М.
  9. «Халық медицинасының философиялық негізі: медициналық білімнің қалыптасуына наным сенімдердің әсері» Тайтелі Б.– «Жалпы медицина»  факультетінің 2 курс 12-027-2 топ студенті. Ғылыми жетекшісі:  оқытушы Б.У.Маликов.

 

Қорытынды:

Жабылу сөзін  «Әлемдік деңгейдегі ғылым әлеміндегі жастар»   — доцент Бисембаева З.У. айтып студенттерге алғыс хат берілді.

Ел басына күн туса, Ер етікпен су кешер

06.05.2014 күні « ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР »  кафедрасы және « ЖАҢА ДЕМ » ұйымының біріге ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 69 – жылдығына орай және 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған « Ел басына күн туса, Ер етікпен су кешер » атты мерекелік – тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шарада аталған тақырып бойынша театрланған көріністер, «Менің атам-менің мақтанышым» сипатында студенттердің майданға қатысқан аталары туралы презентациялар көрсетілді. Студенттер шығармашалығына да кезек берілді. Кеш қонағы ҰОС ардагері С.Омаров құрметіне арнайы баяндама оқылып, презентация көрсетілді. Іс-шараға белсене қатысқан төмендегі студенттерге ЖББД және кафедра алғыс білдіреді.

1. Сайлау Ернұр ЖМ 2 курс

2. Сатуллаев Бердах ЖМ 1 курс

3. Ақылбек Бақытжан ЖМ 2 курс

4.Болсын Әсел ЖМ 2 курс

5. Әжіханова Ақбота ЖМ 2 курс

6.Шермахмедова Сания ЖМ 1 курс

7.Бисен Ботагөз ЖМ 2 курс

8.Арынғазы Баян ЖМ 2 курс

9.Лайық Ұлжан ЖМ 2 курс

10.Медетбек Ақерке ЖМ 2 курс

11.Сүлеймен Толғанай ЖМ 2 курс

12.Жабықбай Балжан ЖМ 2 курс

13.Елтай Гүлмариям ЖМ 2 курс

14.Мамбетова Айнұр ЖМ 1 курс

15.Артықбай Сымбат ЖМ 2 курс

16.Убайдуллаев Сардор ЖМ 2 курс

17. Анварбеков Сахибжан ЖМ 2 курс

 

 

Оқытушы                                               С.Д.Турсунбаева

 

« ЖАҢА ДЕМ » ұйымы төрағасы         Е.Е Сайлау

IMG_8840 IMG_8952 IMG_8963

«Жаһандық кеңістіктегі гендерлік саясат: проблемалар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті

24/10/2013 жылы сағат 12.00-де ҚазҰМУ-нің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының  әлеуметтану пәнінің оқытушылары (доцент Нағайбаева З.А., филос.ғ.к., аға оқытушысы Джекебаева М.А., аға оқытушы Тауекелова Т.Б., Маликов Б.У., Алдубашева Ж.) ұйымдастыруымен «Жаһандық кеңістіктегі гендерлік саясат: проблемалар мен перспективалар» атты үштілдік бағдарламамен өтетін (қазақ, орыс, ағылшын) дөңгелек үстел өтті.

Модератор: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент Бисембаева З.У.

Өткізілетін орны: Бөгенбай батыр, №2 оқу ғимараты, №401 бөлмесі.

Дөңгелек үстел қонағы: Алматы қаласының әкімдігінің өкілі Қауынбаев Ш., ҚазҰПҚУ-нің әлеуметтік және гендерлік зерттеулердің ҒЗИ-нің директоры, ә.ғ.д., профессор Қодар З.М., ҚазҰУ – нің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры: Қылышбаева Б.Н.

Қатысушылар: «Жалпы медицина», «Фармация» факультетінің 2 курс студенттері.

 

Бағдарлама

Алғы сөз

Жалпы білім беру департаментінің директоры Phd Сарыбаев М.С.

Баяндамалар:

  1.  «Гендерлік саясаттың саяси аспектілері». Қауынбаев Ш.- Алматы қаласының әкімдігінің өкілі.
  2. «Әлеуметтік және гендерлік зерттеулердің ҒЗИ-нің жетістіктері мен перспективалары». Қодар З.М. ҚазҰПҚУ-нің гендерлік зерттеу институтының директоры
  3. «О факторах формиравания гендерной идентичности». Қылышбаева Б.Н. (ҚазҰУ – нің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры)
  4. «Гендерлік теңдіктің философиялық негіздері». Бисембаева З.У (Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі)
  5. «Әлемдегі және Қазақстандағы гендерлік теңдік: әйел құқықтарының эволюциясы». Рсалдина Г.Т.- Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті.
  6. «Гендерлік саясат аясындағы халықаралық әйелдер құқығы». Джекебаева М.А. (Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, филос.ғ.к. ).
  7.  «Gender policy in Swed» — Қалиуллаев Б. – «Жалпы медицина»  факультетінің 2 курс 041-2 топ студенті
  8. «Gender policy in the Republic of Kazakhstan» —  Құрбанмурадова А. – «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс 041-2 топ студенті.
  9. «Эволюция гендерной политики в РК» — Рахматтуллаева А. – «Фармация» факультетінің 2 курс 05 топ студенті.
  10.   «Проблемы гендернего равенства в РК»  — Юн О.- «Фармация» факультетінің 2 курс 05 топ студенті

Қонаққа сұрақ-жауап.

Жабылу сөзі

Нағайбаева З.А

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев стипендясын 10 мыңның ішінен 10 үздік магистрант иеленді, оның ішінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медицина мамандығының 2 курс магистранты Мырзабекова Айгүл.

2012 жылдың 21 қыркүйегінде Ұлттық евразия университетінде  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі Бақытжан Жұмағұлов Назарбаев Стипендиясының 10 иегеріне салтанатты түрде сертификат және төс белгілерін табыс етті.

Оқудағы үздік көрсеткіштері, ғылыми зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін ҚР БжҒМ-нің Республикалық байқау комиссиясымен 10000 үміткердің ішінен  ұлттық жоғары оқу орындарының 10 үздік магистранты іріктеліп алынды.

Ведомство басшысы үздік магистранттарға стипендияны табыстай отырып, олардың  былтыр ғана тағайындалған  бірегей Назарбаев стипендиясының иегерлері болып отырғандығын атап өтті. Бұл ел Президенті деңгейіндегі мойындауының жоғары және мемлекеттіміздің ерекше назарының белгісі.

Поисковые слова::

Ұлы Жеңіс күні жадымызда

Биыл еліміз Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 67 жылдығын атап өткелі отыр. Отан үшін қан-қақсап майданда от кешкен ата­ларымыз бен әкелеріміздің, әже­лері­міз бен ана­ларымыздың жан­қияр­лық ерліктері мен тылда еңбек еткендердің қажыр-қайраты ұрпақтан-ұрпаққа жететін өшпес үлгі, өлмес өнеге. Осы күндері елімізде қоғам­дық-әлеуметтік, мәде­ни шара­лар өткізіліп, ерлікке тағзым етілуде. Қарағанды мемлекет­тік техникалық унмверситетінде ұйым­дасты­рылған 27 сәуір күні өткізілген “ XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы ” атты ғылыми-тәжірибелік кон­ференция жас ұр­пақ­тың жадында соғыстың қанша­лықты қасірет әкел­генін жаң­ғыр­ту, оған тарихи баға беру және жан-жақты терең зерт­телуін нақ­ты­лай түсудегі айшықты шара болды. Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:

1.«Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқы Жеңісінің әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлары»

2. «Ұлы Отан соғысы батырларының өнегесінде қазіргі заман жастарына  патриоттық тәрбие беру»

3. «Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы»

 Оған еліміздің түкпір-түпірінен келген студенттер қатысты. Олар Ұлы Отан соғысы тари­хының зерт­телуі жайында өзара пікір алы­сып, толғақты ой­ларын ортаға салды. Баяндамашылар шығып сөйлеп, Ұлы Отан соғысының көп са­ла­лы тарихы туралы әңгімеледі. 2 — секция бойынша «Фармация» факультетінің 11-003 тобының студенттері: Исламова Гүлбану мен Тыныбекова Жансулу «Кеңес Одағының батырлары: М.Мәметова және В.Иваниловтың  ерліктері жастарға өшпес өнеге» тақырыбында баяндама оқыды. Олар медицина университетінің ержүрек студенттері жайында толыққанды баяндама жасады.

3- секция бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 231-1 тобының студенті Шайсұлтанова Гүлім өзінің туған атасы туралы толыққанды баяндама жасап, өзінің атасына деген жүрекжарды жыр жолдарымен аяқтады.

Бұл баяндамалар жинаққа кірді. Конференция соңында қатысушылардың барлығын «мадақтама хатымен» марапатталды.

Сертификат

 

Қазақстан тарихы, саясаттану секциясының

аға оқытушылары: Рсалдина Ғ.Т., Жолдыбаева С.А.                                       

Исламова Гулбану 1 курс Фарм – 003 топ студенті

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне арналған университет тарапынан ұйымдастырылған оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өткізілген іс-шаралар атқарылды.

2012 жылдың 6 мамыр күні аптаның жексебісінде бұл шараға «Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану» кафедрасының оқытушылары Рсалдина Ғанижамал Төлеуқызы, Исаева Мейрамгул Ибадуллақызы, Илгидаева Сымбат Мошынқызы және «Мейірбикелік іс» факультетінің 2 курс студенттері Сазанбаева Анар, Төлендинова Гулмира, Әлімбаева Ырысхан атсалысты.

Читать далее

23 cәуір 2012 жыл

Сағат 11.00-13.00 уақыт арасында, 401 аудиторияда 1 курс, ЖМ 025 тобына «Саясаттану» пәнінен Исаева Мейрамгул апайымыздың жетекшілігімен «Саяси партиялар» тақырыбы бойынша «ролдік ойын» әдісі негізінде дебат сабағы өтті. Сабаққа қатысқандар: кафедра меңгерушісі Бисембаева З.У., Рсалдина Ғ.Т., Илгилдаева С.М.

Читать далее

ҚР Президентінің 2012 жолдауы

2012 жылдың 17 сәуірінде сағат 14.30-16.20(4 ауд.)  ЖМ факультетінің 2 курс және 1 курс студенттері арасында “ҚР  Президентінің 2012 жолдауы” тақырыбында саясаттану және әлеуметтену секциясы бойынша ашық сабақ өткізілді.  Жолдаудың қаншалықты орындалып жатқандығын және оған біздің тигізетін септігіміз де студенттердің назарынсыз қалған жоқ. Сабақ барысында студенттер өздерінің көптен бері қызығып жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтар Қазақстанда әлі де орын алып келе жатқан проблемаларды қамтыды. Анықтап айта кетсек олардың бірі пара беру және пара алу мәселесі. ЖМ факультеті 2 курстың 004 топ студенті Хамитов Әділет  “пара беру мен алуды шектеу мүмкін емес. Оған тосқауыл тек басшылардың дұрыс сайлануы, яғни жоғарыда тек мемлекет жанашыры отыруы бола алады”- деді. Оппазициялық топтың мүшесі 1-курс студенті Жұмабаева Мөлдір: “Пара беруді әр адам тоқтата алады.  пара беру мен пара алуды тоқтата алатындар біз, яғни жастар. Пара алушы жоқ болса, пара беруші жоқ және керісінше пара беруші жоқ болса пара алушы жоқ. Олай болса ол сенің және менің қолымда”- деді.

Читать далее

Поисковые слова::

Құттықтаймыз

2012ж. 18 сәуір күні № 401 аудиторияда Қазақстан тарихы, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра ардагері доцент Құнантаев Мұздыбай Құнантайұлынаң 85 жылдық мерейтойын Республикалық Әз-Наурыз мерекесімен ұштастыра отыра кеш өткізілді.

Читать далее