Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану кафедрасы

Қазақстан тарихы,   философия, саясаттану, әлеуметтану  кафедрасы- С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың негізгі кафедраларының бірі. Ол 1931 жылы  марксизм-ленинизм кафедрасы ретінде құрылған.  Алғашқы кафедра меңгерушісі проф№  С.Жапарулы  Асфендияров болды.

2003 жылдың қыркүйек айында  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2 кафедраға : философия,  саясаттану, әлеуметтану және құқық негіздері кафедрасы және  Қазақстан тарихы, мәдениеттану, экономика теориясы кафедрасы  болып  бөлінді. Ал  2009 жылдан бастап Қазақстан тарихы, мәдениеттану  кафедрасымен біріктірілді.

Қазіргі уақытта  кафедрада философия,саясаттану, әлеуметтану,  Қазақстан тарихы,  мәдениеттану пәндері жүргізіледі  және  «Әлеуметтік жұмыс»,  «Медицина  социологиясы», «Саяси менеджмент», «Саясаттану негіздері» пәндерінен элективтік курстары дайындалып , оқытылуда.

2003 жылдын бастап  философия, саясаттану, әлеуметтану  кафедрасын  доц.Бисембаева З.У. баскарып келеді. 2009-2010 жылы Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, саясаттану, әлеуметтану кафедрасы болып қайта құрылды. Оның меңгерушісі   ф.ғ.к. доцент З.У. Бисембаева. Кафедрада   с.ғ.д. профессор К.У.Биекенов,  доценттер: с.ғ.к. З.А.Нагайбаева,  т.ғ.к. Р.И.Бейсембина, п.ғ.к. Б.Б.Турабекова,  т.ғ.к.Ә.Ә.Әбдірасілов, т.ғ.к.   К.Ә.Төлентаева, ф.ғ.к.Қ.Т.Анасова, ф.ғ.к. М.А.Джекебаева, ф.ғ.к. А.А.Рыскиева,  ага окытушы Ғ.Т.Рсалдина,   С.А. Жолдыбаева, Т.Б.Тауекелова,  Н.А.Абдразақова,  Н.Таттибек,    К.Н. Жусупова оқытушылар   , С.Ж.Тұрсынбаева,   Ж.А.Амантаева, С.М.Илгидаева жумыс жасайды.  Кафедра оқытушылары ғылыми, педагогикалық, тәрбиелік және қоғамдық  жұмыстарға  белсене  қатысады.

 

Поисковые слова::

Шет тілдер кафедрасы

Шет тілдер кафедрасы 1934 жылы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі — тіл маманы Кенесбаев Смет Кенесбаевич (1934-1936) 1907ж. туылған, ұлты қазақ. Философия ғылымдарының докторы, профессор (1945), ҚазССР  ҒА-ның академигі. 1931ж. Ленинградтағы Шығыс институтын тіл маманы-этнограф мамандығы бойынша бітірді. 1933 жылдан 1936 жылға дейін ҚазМИ шет тілдер кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Шет тілдер кафедрасын Г.И. Курмангалиев (1938-1940), Т.И. Погребинская (1940-1950), Е.Г. Шведова (1951-1966), М.Ш. Құрманова (1966-1974), Р.Ф. Исаева (1974-1975), Ш.И. Исабекова (1976-1978), С.К. Абдығаппарова (1987-1995),  К.Т. Кешелева (1995-1998) меңгерді. 1998 жылдан университет ұжымы Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша жалпытеориялық курсы бар орыс тілі және латын тілі бар шет тілдер кафедралары біріктірілді.  Кафедраны профессор С.Е. Тлегенова меңгерді (1998-2006).

2006 жылы 4 қыркүйек айында университет Ғылыми кеңесінің № 917 бұйрығы бойынша жаңадан шет тілдер кафедрасы құрылды. Кафедраның меңгерушісі болып, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменова Оран Яхметовна тағайындалды.

О.Я. Сулейменова 1971 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының (қазіргі Абылайхан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ) неміс тілі факультетін бітірген.

О.Я. Сулейменова ҚазҰМУ-де 1974 жылдан, алдымен неміс тілі оқытушысы болып, 1990 жылдан аға оқытушы қызметін, 2006 жылдың қазан айынан доцент қызметінде жұмыс істейді. Педагогикалық өтілі 38 жыл. 1986 жылдан 1991 жылға дейін шет ел студенттеріне арналған дайындық бөлімінде деканның орынбасары, 1991 жылдан 1994 жылға дейін шет ел студенттеріне арналған дайындық бөлімінің деканы болып қызмет істеді.

2004 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Қазақ және неміс халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі сабақтас этнопедагогикалық идеялардың дамуы (тарихи-салыстырмалы аспект)» тақырыбына диссертация қорғады.

Қазақстан Республикасының неміс тілі пәні оқытушыларының Ассоциациясының мүшесі. ҚР неміс тілі пәні оқытушыларының 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші съездеріне қатысты (2002ж. 7-9 қарашада, 2003ж. 5-7 қарашада, 2004ж. 8-10 қараша, 2006ж. 10-11 қарашада, 2009 ж.12-14 қарашада).

Біліктілігін жоғарлатуда Гете институтының съезд семинар сабақтарына қатысуы бойынша 5 сертификаты, 52 ғылыми еңбектері бар. Шет тілдерінен  Типтік оқу бағдарларын  ( Алматы, 1999 ж. Астана, 2003), 3 оқу әдістемелік құралдарын дайындады.

2005-2009 жж. «Шет тілін оқытудағы инновациялық технология», «Ғылыми ізденудің метологиясы» тақырыптары бойынша ҚазХҚжӘТУ біліктілігін жоғарлатты.

Қазіргі уақытта кафедра 19 оқу бөлмелерінен және лингафон бөлмерімен қамтылған. Кафедра штаты 40 қызметкерлерден, оның ішінде 1 доцент, 8 аға оқытушылар, 27 оқытушылар және 4 лаборанттардан тұрады.

Кафедра оқытушылары университеттегі барлық факультеттерінің I, II, III, IV курс студенттерін, магистранттар мен резиденттерді ағылшын, неміс және француз тілдерінде оқытады. Бұл күндері зейнеткер қатарындағы К.И. Боканова, Р.А. Батырбекова, А.А. Проводина, Б.Н. Төленгутова, Б.Н. Тыныбекова, А.Д. Тынышбаева – сынды аға оқытушылардың кәсіби шеберлігін атап өткен жөн.

Кафедрада кәсіби шеберліктерін таныта отырып доцент О.Я. Сулейменова,  аға оқытушылар: А.А. Садыкова, С.Х. Сағантаева, Н.У. Абульхаирова, С.У. Жантасова, Г.М. Бикташева, А.К. Еленова, А.Ж. Шойбекова, И.В. Лозенко, Г.А. Унасбаева, оқытушылар З.М. Мезгілбаева, З.Т. Ұлтанбекова, А.А. Баянбаева, Б.М. Қайбалдиева, А.А. Бижанова кафедрада қаланған ұлағатты дәстүрді жалғастырып келеді. Бұлар оқу-әдістемелік жұмыспен айналыса жүріп, конференцияларда, семинарларда сөз сөйлейді, тәжірибелерімен алмасады, тәрбие шараларын көңілдегідей, бастамашылық ықыласпен жүргізеді. Олар Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 75 жылдығында алғыс хаттармен бірнеще рет марапатталды.

Барлық секциялар жұмысының негізгі бағыты – болашақ мамандықты игеруге студенттерді дайындау. Осыған орай оқытудың жалпы мақсаты кешенді сипат алмақ. Мұның аумағына негізгі коммуникативтік өзегінен басқа білім және тәрбие беру мақсаттары енеді.

Кафедра оқытушылары ауқымы кең әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын, жауапкершілік танытып, орындап келеді.

Жоғарғы медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған шет тілдерінен Нұсқалы бағдарлама (С. Тлегенова, С.Сағантаева, А.Садыкова, О.Я. Сулейменова, В.Галиева, 1999ж.),  Жоғарғы медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған шет тілдерінен Нұсқалы бағдарлама (С. Тлегенова, С.Сағантаева, А.Садыкова, О.Я. Сулейменова, В.Галиева, 2003ж.) жарық көрді.

«Жалпы медицина», «Стоматология», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация», «Менеджмент» факультеттерінің 1 курс студенттеріне арналған білім берудің кредиттік технологиясын еңгізу мақсатында 2007 ж. кафедра МЖМБС-2006 бойынша ПОӘК жасады. 2008 ж. кафедрада барлық факультеттің 2 курс студенттеріне арналған ПОӘК  жасалды.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, оқытушыларға арналған әдістемелік ұсыныстар, аралық бақылау тесттері, күнтізбелік-тақырыптық жоспардағы тақырыптар бойынша ОСӨЖна арналған тесттік тапсырмалар, қорытынды бақылау тесттері, емтихан билеттері құрастырылды.  Сырттай      бөлімдегі барлық факультеттің 1, 2 курс студенттеріне, магистранттар мен резиденттерге арналған бағалаулардың белгілері өңделді. Шет тіліне оқыту үрдісінде кафедра оқытушыларының жарыққа шығарған оқу құралдары студенттер кәдесіне жарап-ақ тұр.

Студенттер келесі оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтылған:

  • Студент-медиктерге арналған неміс тілінің фонетикасын үйрену курсы бойынша әдістемелік құрал (доц. Сулейменова О.Я.) (1993)
  • 1 курст Студент-медиктеріне арналған неміс тілі оқу құралы (доц. Сулейменова О.Я., Еленова А.К.) (2005)
  • Стоматологтарға арналған ағылшын тілінің оқу құралы (Садыкова А.А., Сагантаева С.Х., Бикташева Г.М.) (2006)
  • Студент-фармацевттер мен химик-технологтарға арналған оқу құралы (Садыкова А.А., Сагантаева С.Х., Бикташева Г.М.) (2006)
  • Студент-фармацевтерге арналған неміс тілінен өздік жұмысқа арналған оқу құралы (доц. Сулейменова О.Я.) (2008)

Кафедраның аға оқытушылары оқу сабақтарын өткізу сапасын қамтамасыз ету мақсатында шет тілдерін оқыту әдістемесі және тест тапсырмаларын құруда семинар-тренингтер өткізеді, сонымен қатар, ашық сабақтар, СӨЖ өткізуде, оқу журналдарын толтыруда кеңес береді.

Жыл сайын оқытушылар Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ қайта дайындау және Біліктілікті жоғарлату институтында шет тілін оқыту әдістемесі және инновациялық технология бойынша оқып, БЖК өтеді.

Оқытушылар келесі тақырыптар бойынша лекциялар тыңдады: «Шет тілдерін оқытудағы халықаралық стандарт. Жаңа нұсқалық бағдарламалар», «Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар. Мультимедиялық бағдарламалар», «Инновациялы оқу әдістемесі, жобалы технология әдісі», «Глобальды симуляция әдісі рольдік ойын түрі сияқты», «Ғылыми зерттеу методологиясы», «Шет тілдің мәдениеті және шет тілдерін оқыту», «Шет тілдерін оқытудағы қазіргі заманғы интерактивті әдіс».

ҚазҰМУ көлемінде ішкі бақылауына сәйкес кафедраның болашақ жоспары кафедра ішкі бақылау жұмыстары жүргізіледі, оқытушылар ашық сабақтарда тәжірибелерімен алмасады. Барлық оқытушылар ҚазҰМУ базасында информатикадан, психологиядан және қазақ тілінен специализация өтті.

Кафедра қызметкерлерімен үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Кафедрада медициналық жоғарғы оқу орынында шет тілдерін оқыту әдістемесі бойынша 2006-2007 оқу жылында 17 ғылыми мақалалар, 2007-2008 – 12 ғылыми мақалалар, 2008-2009 оқу жылында 14 ғылыми мақалалар, 2009-2010 ж. 18 ғылыми мақалалар баспаға шығарылды. Кафедра оқытушылары 5 ғылыми-тәжірибелік конференция жұмыстарына қатысты: «Қазіргі заманғы қоғамдық-гуманитарлы ғылымдардың актаулды мәселелрі: Іздену және шешу жолдары» атты II Республикалы ғылыми-тәжірибелі конференция, «Жоғарғы оқу орындарындағы (ҚазҰМУ) қоғамдық-гуманитарлық пәндердің кафедраларда білім алу процесін жетілдіру», «Жоғарғы оқу орындарындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудық актуалды мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Жоғарғы білім беру жүйесіндегі инновациялық технология» (Алматы үздіксіз білім беру университеті) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Медицина білімі мемлекеттік тіл аясында» (С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ, 2009ж. 3 желтоқсан) Республикалық  ғылыми-тәжірибелік конференция.

Кафедра ұжымы ҚазҰМУ, КазГАСА бүкілодақтық және республикалық  конференция жұмыстарына қатысты. Оқытушылар әр журналдардың беттерінде өз тәжірибелерімен бөліседі. Кафедра оқытушылары 27 әдістемелі құралдар, 23 ғылыми мақалаларды баспаға шығарды.Алматы қаласындағы Гете институты арқылы кафедра жыл сайын студенттерге арналған оқу құралдарын алады.

Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. СҒҮ қатысушылар оқытушылармен бірге өздері оқитын шет тілінде ғылыми мақалаларды, пікірлерді, аннотацияларды, резюмелерді және т.б. аударады. СҒҮ отырысында студенттер баяндама жасайды. Кафедрада «Атақты дәрігер ғалымдар», «Қазіргі заманғы медицинаның актуалды мәселелері», «Экология және Валеология» тақырыптары бойынша студенттік конференция өтті. 2006-2010 оқу жылдары СҒҮ қатысушылар өздері оқитын шет тілінде 42 реферат дайындады.

Кафедра оқытушыларының басшылығымен дайындалған баяндамаларын оқыған 1, 2, 3 курс студенттері жалпыуниверситеттік ғылыми конференцияларда 2, 3 орындарды иеленді. Өткізілген конференциялардың қорытындысы бойынша материал жинақтарында студенттердің 7 ғылыми мақалалары жарық көрді.

Кафедра оқытушылары пікірталас ұйымдастыру, кездесулер, факультативті сабақтар, брифингтер, кураторлық сағаттар және т.б. үлкен тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Тәрбие жұмыстары келесі бағытта жүргізіледі:

  • Патриоттық және интернационалдық
  • Рухани-өнегелі
  • Хұқықтық тәрбие
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Кафедрада мемлекеттік тілге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатпен «Менің елім-Менің жерім», «Ана тілің-арың бұл», «My motherland is Kazakhstan» тақырыптары бойынша  кездесулер, факультативті сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Ең алғаш рет үш тілде «Тілдарын -2009» атты жалпыуниверситеттік олимпиада өтті. Олимпиадаға КазҰМУ проректоры Г.М. Есенжанова, тіл саясаты бөлісінің бастығы И.А. Құлмағанбетов, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы М.Г. Мұстафина қатысты. Олар олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің белсенді түрде қатысқандары жайында айтты. Кафедра меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова және кафедра оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы А.А. Садыкова олимпиаданы өткізуде белсенді жұмыс жасағандары үшін Құрметті мақтау гармоталарымен марапатталды.

Кафедрада атақты дәрігер ғалымдар, қызықты адамдармен, әртүрлі білім бағдарламаларының өкілдерімен кездесулер дәстүрге айналды, ерекше студенттердің есінде қалған Англиядан «Сорос Қазақстан» фондының өкілімен, Гете атындағы Институттың басшылығымен, Кениядан келген профессордың СПИДке қарсы күресу мәселелері жайында өткізген тренингі, шет елде оқу мәселелері бойынша Америка елшілігінің өкілімен, орталық халықаралық «Болашақ» бағдарламасының менеджерімен, Германиядағы DAAD білім алу бағдарламасының өкілімен, Президенттік бағдарлама бойынша оқитын Канададан, Америкадан, Жапониядан келген степендиаттармен кездесулер. Қонақтар ағылшын, неміс, француз және жапон тілдерінде сөз сөйледі.

Елтану аспектісі аудиториядан тыс жұмыс барлық түрлерінің міндетті компоненті болып табылады.

«Ұлыбританияна білесіз бе?», «Оқылатын елідің тілінің дәстүрлері мен әдет ғұрыптары», «Германия жайында білесіз бе?», «Deutsch im Herzen» конкурстары оқу сабақтарын органикалы түрде жалғастыру жоспарланады және шет тілдер сабағынан алған  іскерліктер мен дағдылар практикада орындалады.

Оксфорд, Кэмбридж, Сорбонна сияқты атақты европалық университеттердің тарихы жайында «Европаның атақты университеттері», «Welcome to Great Britain» атты ашық факультативті сабақтарда айтылған.

Кафедрада «Ойшыл, поэт-ақын-драматург – Ф.Шиллер мен Гете», «Әлемдік аңыздар», «О.Уайлд шығармаларындағы символизм», «Дж.Н.Г. Байрон шығармаларында романтизм» атты ағылшын және неміс тілдеріндегі әдеби кештерді өткізу дәстүрге айналды.

Шет тілдерінде тренинг, пікірталас, дебат түрінде өткізілген «New generation of medical students», «New educational programmes», «The Leader of the 21st  century», «Learning official and international languages» атты іс шаралар студенттерің қызығушылығын тудырады. Кафедрада жыл сайын шет тілдерінде өтетеін ән байқауына студенттер мен оқытушылар жыл бойы үнемі дайындық үстінде болады. Әндер ағылшын, неміс, француз, жапон, түрік және т.б. тілдерде айтылады.

Жыл сайын кафедра оқытушылары фармацевтика факультетінің 1, 2 курс студенттеріне кураторлық қызмет атқарады. Әр кураторда өздерінің жеке жұмыс жоспарлары бар, өз топтарымен сабақ үлгерімдері мен қатысулары жайында, жатақханада тұрудың нормалары мен ережелері жайында әңгіме жүргізеді, сонымен қатар жатақханада кезекшілік қызметтерін атқарады.

Студенттермен ҚазҰМУ тарихи музейіне, Республикалық музейге, театрлар мен кинотеатрларға барады, сенбіліктерге қатысады және қоғамдық пайдалы жұмыстармен айналысады.

Үлкен танымдық мағыналы тәрбиелік мәні бар іс шаралар мемлекеттік және шет тілінде өткізіледі, студенттердің ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін кеңейтеді және шет тілдерін үйрену мотивациясын жоғарлатады.

Мейірбике ісінің негіздері

Білім үрдісін жақсарту мақсатымен ҚР Мемлекеттік білім стандарты бойынша ҚазҰМУ — да 2003 № 02.1 5.01.04 жылы “Мейірбике ісінің негіздері жеке кафедра болып құрылды.

Кафедра меңгерушісі- доцент, м.ғ.к. Биназаров Нұрболат Ділдебайұлы, оқу меңгерушісі-доцент м.ғ.к. Демин Евгений Павлович тағайындалды. Кафедра Алматы І бекетінің темір жол ауруханасы, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы (обл ауруханасы), Жедел жәрдем ауруханаларының клиникалық базаларында орналасқан. Соңғы жылы 1,7, Қалалық клиникалық ауруханасында, ХОСПИС-те, Ардагерлер үйінде, п. Каменка ауруханасында оқу бөлмелері қосылды.

Кафедрда мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай пәндер бойынша сабақтар жүргізеді:

  • емдеу факультетінің фельдшер және акушер 1, 2 курс студенттеріне , шет ел студенттеріне мейірбике ісінің негіздері;
  • медико-биологиялық факультетінің 1 курс студенттеріне мейірбике ісінің негіздері;
  • бала емдеу факультетінің шығыс медицина бөлімінің 1,2 курс студенттеріне мейірбике ісінің негіздері;
  • бала емдеу факультеті үшін терапиядағы мейірбике ісі;
  • емдеу факультетінің 3 курс фельдшер және акушер, шет ел студенттеріне студенттеріне ішкі аурулар;
  • емдеу факультетінің 2 курс жылдамдатып оқытылатын (5 жылд) студенттері үшін- ішкі аурулар.

Сонымен қатар кафедрада мынадай оқу–кәсіптік тәжірибелер жүргізіледі:

  • 1 курс үшін- науқастың жалпы күтімі бойынша ОКТ;
  • 1, 2 курс үшін- мейірбикелік ОКТ;
  • диплом алдындағы ОКТ.

МББС бойынша-2006:

— «Жалпы медицина» мамандағы 1 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша;

— «Жалпы медицина» мамандағы 2 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша;

— «Мейірбике ісі» мамандағы 1 курс студенттеріне «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша;

— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттеріне «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша;

— «Стоматология» мамандағы 1 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша; «Фармация» мамандағы 4 курс студенттеріне «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» пәні бойынша;

Кафедрада элективті пән бойынша сабақ өткізіледі:

— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттеріне «Мейірбике ісі философиясы» пәні бойынша;

— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттеріне «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» пәні бойынша.

Кафедрада оқу-өндірістік тәжірбие жүргізіледі:

— «Жалпы медицина» мамандағы 1 курс студенттері үшін «Кіші мейірбике көмекшісі»;

— «Жалпы медицина» мамандағы 2 курс студенттері үшін «Мейірбике көмекшісі»;

— «Мейірбике ісі» мамандағы 1 курс студенттері үшін «Кіші мейірбике көмекшісі»;

— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттері үшін «Мейірбикелік».

Кафедраның оқытушы – профессорлық құрамының сипаты:

— Биназаров Нұрболат Ділдебайұлы –доцент, м.ғ.к., кафедра меңгерушісі.

— Сембаева А.Д.- доцент, м.ғ.к.

— Адилова Л.М. – м.ғ.к., ассистент

— Нурмаханова Ж.М. – ассистент

— Ердаш Б.Е. – ассистент

— Омарова Р.О.- ассистент

— Сейтимова Ш.А. – ассистент

— Оразбақова Г.О. – ассистент

— Таубекова Н.С. – ассистент

— Ботанбекова Қ.Р. – ассистент

— Жұбатқанова Ж.Қ.- ассистен

— Қалхожаева Ж.А..- ассистент

— Ахметов А.А — ассистент

— Көшербаева Е.Ш.-ассистент

— Рахышева А.А.- ассистент

— Ахметова И.Н. – ассистент

— Тлеуов Е.Т. – ассистент.

Дәрістерді оқитындар — Биназаров Нұрболат Ділдебайұлы кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к., Сембаева Айдана Дәуренқызы доцент, м.ғ.к.

Дәрістер көрнекті құралдармен жабдықталып, дәріс мәтіні, суреттер, схемалар мөлдір слайд-пленкаларға түсірілген.

Студенттерге, оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар, тест сұрақтары мен ситуациялық есептер кафедраның 2 персональді компьютерлерінде теріліп, көбейтілді.

Кафедра құрылғалы Мусинаның Н. С. ” Вегетативные и нейропсихологические расстройства у больных с хроническими заболеваниями почек” -тақырыбына кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми жетекшілері м.ғ.д. проф.Семенова Р.И.; м.ғ.д. проф. Абеуов Б.А. ҚазНМУ-дың бала емдеу фак. Ғылыми Советі 22.10.02, прот №2. 2005.

Кафедра құрылғалы жазылған басылымдар:

  • Әдістемелік оқу құралы «Терапиядағы мейірбике ісі» Биназаров Н. Д., Омралина Э.Т., Мусаева Г. А.
  • «Синдром вегетативной дисфункции у больных с хроническими заболеваниями почек», методикалық нұсқау Мусина Н.С.
  • «Нейропсихологические расстройства у больных с хроническими заболеваниями почек», методикалық нұсқау Мусина Н.С.
  • «Оценка функционального состояния головного мозга у больных с хроническими заболеваниями почек ». Симпозим, конференция, съезд , семинар материалдары – Халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция
  • « Актуальные проблемы неврологии», Мусина Н.С.

Кафедрада оқу методикалық нұсқаулар қазақ және орыс тілдерінде құрастырылған.Типтік жоспар бойынша барлық оқу методикалық құжаттары қазақ және орыс тілдерінде қайта қарастырылып,жаңартылды. Кафеданың ұжымы тәжірбиелік сабақтарға екі тілде 132 методикалық нұсқау (65 оқытушыларға және 61 студентер үшін), 684 ситуациялық есептер, тәжірбиелік сабақтарға және емтиханға 1620 тестер , 23 дәрістер дайындалып, қайта жаңартылды.

Поисковые слова::

Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы

«Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика» кафедрасының меңгерушісі болып, т.ғ.к, проф., АХА-ның корр. мүшесі,  Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы жұмыс атқарып келеді. 1995 жылы

«Диагностикалаудың ақпараттық-технологиялық әдістерін дайындау және олардың негізінде автоматтандырылған жүйені құру» атты кандидаттық диссертациясын Әль-Фараби атындағы ҚазМУ-да қорғаса, 1999 жылы «Информатика» мамандығы бойынша доценттік атақ берілді. 2009 жылдан бастап АХА-ның  корр. мүшесі атағы бар.  65-тен астам ғылыми басылымдардың, оның ішінде 5 авторлық куәліктің авторы. «Медицинадағы информатика негіздері» (1997ж), «Медицинадағы жоғарғы математиканың негіздері» (2004ж) атты жарық көрген оқу құралдары бар. Әль-Фараби атындағы ҚазМУ базасы негізінде «Медицинадағы математикалық модельдеу » атты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары» (2007ж) атты монографиясы жарық көрген.

Читать далее

Поисковые слова::

Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасы

«Денсаулық сақтау саясаты және басқару» кафедрасының меңгерушісі - медицина ғылымының докторы, доцент Тұрдалиева Ботагөз Саитовна.

«Денсаулық сақтау саясаты және басқару»  кафедрасының меңгерушісі — медицина ғылымының  докторы, доцент Тұрдалиева Ботагөз Саитовна.

Тұрдалиева Ботагөз Саитовна Х.Досмухамедов атындығы  Қоғамдық денсаулық сақтау мектеп Директорының орынбасары , КазНМҰ- ғы  дәлелді медицина Орталығының  Директоры, университетте фандрайзинг  дамуының топ басшысы.

Докторлық  диссертация тақырыбы: «Научно-обоснованные подходы к профилактике хронических неинфекционных заболеваний в современных условиях» 14.00.33 – қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша.

Оның ғылыми басшылығымен  кандидаттық, магистрлік  диссертациялар қорғалды, қазіргі  уақытта  Қоғамдық денсаулық сақтау саласында докторлық және магистрлік  диссертациялардың ғылыми жетекшісі  болып табылады.

60 тан астам жарияланған ғылыми жұмыстары, оның  ішінде рецензирленген  халықаралық журналдарда 12 монографиясы, 1 авторлық куәлігі бар.

Кафедраның қызметкерлері

Аканов  Айкан  Аканович – кафедраның м.ғ.д, профессоры

Дуйсекеев  Амангельды Дүйсекеевич – кафедраның м.ғ.д, профессоры

Тулебаев Казбек Агабылович – кафедраның м.ғ.д, профессоры

Иванченко Нелля  Николаевна – кафедраның м.ғ.к, доцент і

Аимбетова Гульшара Ергазыевна — кафедраның м.ғ.к, дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі.

Рамазанова Маншук Анеровна – кафедраның аға оқытушысы, бакалавриат бойынша оқу ісінің меңгерушісі.

Кошимбеков  Мурат Кошимбекович – кафедраның м.ғ.д, доценті,

Шегирбаева  Карлыгаш Байдуллаевна — кафедраның м.ғ.к, доценті,

Абдукаюмова  Умитжан  Асылбековна – кафедраның м.ғ.к, доценті,

Кашафутдинова Гульжахан Темирболатовна – кафедраның аға оқытушысы

Мусаева Бакыт  Алмасбековна – кафедраның оқытушысы,

Жунистаева  Жадыра Корикбаевна — кафедраның оқытушысы,

Уразаева Улпан Амангелдиевна — кафедраның оқытушысы,

ЖумабеваКуралайЖумабаевна — кафедраның оқытушысы,

Игисенова  Альфия  Имангалиевна — кафедраның оқытушысы,

Сагындыкова Зарина Равильевна — кафедраның оқытушысы,

АйдаралиеваАйжанБеимбетовна – аға лаборант,

Мусабаева  Болжан Абдикаримовна — лаборант.

 

                                                    КАФЕДРАНЫҢ  ІС — ӘРЕКЕТІ

Оқу үрдістік жұмыстар

Кафедрада оқу үрдістік қызметтерді  атқарулары  бастапқы және дипломнан кейінгі  деңгейде жүргізеді.

Дипломнан кейінгі  деңгейде магистранттар  тәлім-тәрбиесін келесі мамандықтар бойынша  жүргізеді: 6М110100 — Медицина, 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау, 6М110300 – Мейірбике ісі, 6М110400 — Фармация, 6М110500 — Медико-профилактикалық іс , Ph докторанттар мына мамандықтар  бойынша  қоғамдық денсаулық сақтау, 6D110200  резидентерге.

Дипломға дейінгі деңгейде кафедрада жалпы медицина, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, мейірбике ісі, факультеттерінің күндізгі бөлімінің 2,3,5 курс студенттеріне, сырттай оқитын бөлімдерге қазақ, орыс, ағылшын тілінде,оқитындарға келесі пәндерден: «Дәлелді медицина негізі», «Денсаулықты нығайту және ауруды алдын-алу», «Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару негіздері», «ЖПД жұмысының ұйымдастырылуы», «Ауруханалық менеджмент», «Медициналық қызмет сапасының менеджменті», «Қоғамдық денсаулық сақтаудағы заңдылық» бойынша сабақтар жүргізіледі.

Кафедрада магистранттарға  және PhD-ге  негізгі пән ретінде оқылатындар – ол: қоғамдық денсаулық сақтау саясаты және басқару, денсаулықты нығайту және әлеуметтік ғылым, қоғамдық денсаулық сақтаудағы стратегиялық жоспарлау, шұғыл басқару, дәлелді медицина негіздері, қоғамдық денсаулық сақтаудағы және фармациядағы медициналық   статистика, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық қызмет сапасының менеджменті , медициналық қызмет сапасын басқару, жоспарлау және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, Бiріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiне жаңа ұйымдастырушылдыққа  ыңғай жасау.

Кафедрада сонымен бірге денсаулық сақтаудағы тәжирбиелік цикл бойынша «Шаруашылықты жүргізу құқығында медициналық ұйымдарды тиімді басқару», «Мейірбике ісіндегі менеджмент», «Қоғамдық денсаулық сақтаудағы менеджмент » бойынша сабақтар жүргізіледі.

Ғылыми – зерттеу жұмыстарының іс-әрекеті.

Кафедрада С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина  университетiндегi медицина  ғылымының дамуын тұжырымдамасын  iске асыруы (2010-2011 жылдар) егде жастағы адамдарға  белсендi ұзақ өмiр сүруiн қамтамасыз етудегi қартаюдың моделін  өңдеу бағдарламасының ғылыми-техникалығының эпидемиологиялық блоктың зерттеуiнiң iске асыру шеңберiнде 2009-2012 жылдаға ғылыми-зерттеу жұмыстармен шұғылдануына  жауап бередi.

Кафедра ғылыми– зерттеу жұмысымен айналысады, және эпидемиологиялық блоктың реализациясына, және ғылыми-техникалық бағдарламаға жауап береді (2010-2011 жылдарға) «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ету үшін егде жастағы адамдарға қартаюға қарсы модельдер өңдеу» 2009-2012 ж.ж С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетiндегi медицина  ғылымының дамуының  «Концепциясының»  iске асырылуы.

Жас ғалымдардың арасында ғылыми бағыт белсене дамуда. Оқушылар  оқуының 2-шi жылының жеке алғанда 17 магистрант, оқушының оқуының 2-шi жылының 3 PhD докторанттары, оқушының 1-шi жылының 6 магистранты, оқушының 1-шi жылының 6 PhD докторанттары, тек қана 2011 жылда оқушылар  кафедралардың қоғамдық денсаулық сақтаудың әр түрлi тұрғыдағы   және көкейкестi бағыттары бойынша ғылыми диссертациялардың тақырыптарын бекітті.

Қоғамдық жұмыстар

Кафедра  университеттiк, республикалық және халықаралық деңгейлердегi семинарларға, қоғамдық жұмыстарға  белсене қатысады.

Осылай, бiлiм беретiн үрдістерде, халықаралық әрiптестiк қатынастарды  дамытуды нығайту, сонымен бiрге Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО мен өзара әрекеттесулердi кеңейту мақсатында  келесi шаралар жүргiзiлдi:

2009 жылдың 30 қарашадан 4 желтоқсанға дейiн кафедрада магистранттарға және профессорлық – оқытушылық құрамына,  мына тақырыптар бойынша «Management in Public health and Evidence-based medicine» (Менеджмент в общественном здравоохранении и доказательная медицина)  халықаралық семинар өткізілді.  Израильден арнайы оқытушылар келді Aviv Zohar – Director of Nursing of Internal, Geriatric and Cardiology division, Kaplan Medical Center и Ella Muler – Director of Nursing, Oncology and Hematology, Rambam Health Care Campus.

Жыл сайын кафедра қызметкерлерi дәлелді медицина Орталығымен және Х. Досмұхамедов атындағы Мектеппен бiрге «Қоғамдық денсаулық сақтаудың көкейкестi сұрақтары» атты Халықаралық Қысқы мектепті ұйымдастырып өткiздi. Қысқы мектептiң жұмысында 2009 жылы Қысқы мектептің жұмысына Қазақстанның Медициналық университеттерінің студенттері қатысты (Медициналық университет АҚ – Астана, Қарағанды Мемлекеттiк медициналық академиясы, Семей Мемлекеттiк медициналық академиясы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстандық медициналық академиясы,   Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк медициналық академиясы).

Тыңдаушыларға қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы, және тағы басқа саладағы мамандар академик ҚР ҰҒА  Т.Ш. Шарманов, академик РМҒА В.З. Кучеренко (Россия), профессор Т.С. Мейманалиев (Киргизия), профессор М.К. Кульжанов, профессор А.А. Аканов, профессор К.А. Тулебаев, профессор М.А.Асимов, профессор У.И. Кенесариев, профессор Т.К. Рахыпбеков дәрістер оқыды.

«Қоғамдық  денсаулық сақтаудың Көкейкестi сұрақтары: денсаулықты нығайту және сақтау»  Екiншi Жыл сайынғы  Халықаралық Қысқы мектеп ЖОО- ның 4 және 5 курстарының студенттерi үшін, сонымен бiрге «Тұран» университетiнің қатысуымен 2011жылдың қаңтар айының  24-нен 28-не дейін жүргізілді.

Екiншi Жыл сайынғы Халықаралық Қысқы мектептiң ашылуы: «Қоғамдық денсаулық сақтаудың маңызды сұрағы жастардың денсаулығын нығайту  және сақтау» Даңқ Залында өтті.

Қысқы мектептiң ашылу салтанатына  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің  ректоры  — профессор Аканов А.А.,  академик Шарманов Т.Ш. — президент ЖАҚ «Тағамтану академиясы», Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкiлі Ханаа Сингер, USAID өкілі, қоғамдық денсаулық сақтау бойынша кеңесшiсі  — Лариса Мори, USAID жобасының аймақтық директоры, «Сапалы денсаулық сақтау» Barton Smithнiң, СӨСҚПҰО бас директордың орынбасары м.ғ.д. Каржаубаева Ш.Е. ҚАӨА бас дәрiгері Мырзабекова Г.Т.,

Қалалық студенттiк емхананың бас дәрігері Куанышева С.Х., №10 Қалалық емханасының бас дәрiгерi А.А.Мусабаева қатысты.

Магистранттарға, докторанттарға жас ғалымдарға, кафедра  дәлелді медицина орталығымен және  Х.Досмұхамедов атындағының Қоғамдық денсаулық сақтау Мектебімен бірге жыл сайынғы Халықаралық  Жазғы мектеп өткізуін ұйымдастырды. «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдап алынған сұрақтары» Қазақстандық және шетел ғалымдарының қатысуымен өткізілді. 2009жылы  Жыл сайынғы Халықаралық  Жазғы Мектептің тақырыптары: «Қазіргі заманауи ауруханалық менеджмент» пациенттердің қауіпсіздігі, стационардағы инфекциялық бақылау. Пациент құқығы». Жазғы мектептің жұмысына арнайы келген профессор Сим Тианг Сэнг (Parkway College, Сингапур) шақырылып, ол мастер-класстар өткізіп, және келесі сұрақтарды талқылады:

«Денсаулық және әл-ауқат,», «Қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметкерлердi басқару», «Ауруханаларға стандарттар мен аккредитациялар», «Сингапурдғы денсаулық сақтау жүйесiне жалпы шолу» және т.б. оның жұмысына  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 16 оқытушысы қатысты, 1 курстың 13 магистранты, 2 курстың 9 магистранты, Қоғамдық денсаулық сақтаудың Жоғарғы мектебінен 3 магистрант ат салысты. 2011 жылдың 6-11 маусым айында  Жыл сайынғы Екінші  Халықаралық Жазғы мектеп Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналып, мына тақырыпта өттi: «Қоғамдық денсаулық сақтаудың таңдап алынған сұрақтары. Сапалы медициналық көмек — денсаулық сақтаудағы бiрқалыпты дамудың кепiлдiгi», Жазғы Мектеп USAID — тiң халықаралық ұйымының қатысуымен өткiзiлді. Жазғы Мектептiң жұмысының негiзгi тақырыптары: медициналық қызмет көрсетудiң сапасы, медициналық көмек  көрсетудiң сапасын қамтамасыз етудегi дәлелді медицинаның  рөлi.

Кафедрада «Профессорлар  визиті» бағдарламасы бойынша халықаралық семинарларды ұйымдастырып өткізеді.

2011 жылыдың 27  маусым мен  8 шілде айларында  «Ғылыми зерттеулердің менеджменті: зерттеу дизайндарын өңдеу» атты тақырыпта шет ел мамандарының қатысуымен семинар өтті.

  • Гиммельфарб Юрий Эдуардович – Денсаулық сақтау Министірлігінің аудандық бөлімінің маманы ( Реховот қ-сы , Израиль);
  • Каганский Михаэль – Гериатрия ауруханасының жан сақтандыру бөлімшесінің директоры  (Израиль);
  • Зоар Авив – «Каплан» Медициналық орталығының Гериатриялық және кардиология бөлімшесінің директоры (Реховот қ, Израиль).

Өзінің құттықтау  сөзімен  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, профессор А.А. Аканов және  ҚазҰМУ Х.Досмұхамедов атындағы ҚДМ директоры профессор Қ.А.Төлебаев сөйледі.

2011 жылдың 19 қыркүйекпен 13 қазан аралығында «Статистика» бойынша TEMPUS грант бағдарламасын реттеу маманы – РҺD К. Жүсіпәлиевтың қатысуымен  семинар  курсы өтті.

2011 жылдың 14-27 қыркүйек аралығында «Аурухана ісіндегі менеджмент: денсаулық сақтауды қаржылау және медициналық сақтандыру» тақырыбында семинар өтті.    Лекциялар, тәжірибелік және кеңес беру сабақтарын Израильден келген аурухана менеджментінің ұйымдастырушысы және жетекші маманы Яков Зильберг жүргізді.

2011 жылдың 3-8 қазан аралығында «Дүние жүзілік денсаулық сақтаудағы реформаларға ДДУ көзқарасы»  ЕАБ  ДДУ қызметкері м.ғ.д., профессор Мейманалиев Т.С. қатысуымен оқыту  семинары  өтті.

19-25 қазан аралығында университетіміздің профессорлары мен оқытушыларына, және магистранттарға, докторанттарға, басқа да медициналық жоғарғы оқу орындарының өкілдері және тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарына арнап   «Медициналық ұйымдардағы клиникалық зерттеу жүргізудің негіздері», «Мейірбике ісіндегі этика негіздері», «Геронтология» атты халықаралық семинар жүргізілді.

Аталмыш тақырып бүгінгі күні барлық дамушы елдерде денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылары мен ғылым және  білім беру мамандары үшін сонымен қатар Қазақстан Республикасы үшін де   өзекті тақырыптың біріне айналып отыр.

Басқа елдерден жетекші ғалымдарды шақыру ғылыми зерттеулердiң менеджменттiң төңiрегiдегi, денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымының төңiрегiдегi және қоғамдық денсаулықтың ғылыми жобаларының дизайнның өңдеуiнiң ғылыми бiлiмдерiнiң айырбасының байытылған  бағдарламасын жасауға мүмкiндiк бердi.

Бұдан әрi кафедра бiлiм беретiн үрдісті нығайту, және жаңа ғылыми бiлiмдердi алуының мақсатында «профессорлар  визиті» бағдарламасын және қоғамдық денсаулық сақтаудың төңiрегiдегi тәжiрибе алмасу және ғылыми зерттеулердiң кеңейтуiн жоспарлайды.

Поисковые слова::

Денсаулық сақтау кафедрасы

«Денсаулық сақтау және фармациядағы құқық негіздері бар менеджмент және маркетинг» кафедрасы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 28.08.2007 жылғы №23 бұйрығымен ұйымдастырылған. Кафедра ҚР БҒМ-нің 2001 жылы 19 қарашада берген АА сериялы № 0000005 лицензиясы бойынша ҚР МЖОС 3.08.311-20066 және МЖОС 5.13.002-2004 стандарттары бойынша мынадай мамандықтар бойынша дайындап шығарады:

  • 050507 – Менеджмент (менеджмент бакалавры)
  • орта білім негізінде (күндізгі оқыту) – 4 жыл,
  • орта-арнаулы білім негізінде (сырттай оқу) -3 жыл,
  • орта-арнаулы білім негізінде (сырттай оқу) -5 жыл
  • жоғары білім негізінде (сырттай оқу) – 2 жыл.

Бакалавриатты бітірушілерге 050507 – Менеджмент мамандығы бойынша менеджмент бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу бітірушілердің осы мамандық (мененджмент бакалавры) бойынша жұмыс істейтін кәсіби  саласы болып нақтылы экономика секторы, денсаулық сақтау және фармация , қаржы-банк жүйесі, бизнес пен кәсіпкерлік болып есептеледі.

Кәсіби жұмыс барысында атқаратын қызметі болып:

—   өндірістің және оны басқарудың негізгі даму бағыттарын жоспарлау;
—   өндіріс нысандары мен басқару құрылымдарын қалыптастыру, оңтайлы өндірістік аппарат құрастыру;
—   қызметкерлерлдің еңбекке уәждемесін қалыптастырып, олардың белсенділігін көтеру;
—   басқару ісін үйлестіру және бақылау.

6N1101 – Медицина (Қоғамдық денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау саласын басқару) мамандығы бойынша оқып бітірушілерді бірінші 2009 жылы шығарды. 2009 жылдың кыркүйек айында 6N1101 – Медицина  мамандығы жаңадан ашылған «Саясат және денсаулық сақтау саласын басқару» кафедрасына берілді, ал «Философия, саясат тану, әлеумет тану және құқық негіздері» кафедрасындағы «Құқық негіздері» секциясы «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасына ауыстырылды.

Кафедра құрылғаннан бері:

2007-08 оқу жылында – 127 адам,

2008-09 оқу жылында –  91 адам, оның ішінде 14 магистрант,

2009-10 оқу жылында – 169 адам оқып шықты.

Кафедра  менждмент және маркетинг негіздері,  менджмент теориясы және тәжірибесі, өндірістік менеджмент, қаржылық менджмент, маркетинг, әлеуметтік саланы реттеу, кәсіпкерлік құқық, әкімшілік құқық, бизнесті ұйымдастыру, персоналды басқару және  тағы сол сияқты отызға жуық пәндерді жүргізеді.

Кафедра оқытушылары бітірушілер өтетін оқу және өндірістік практикаларға және дипломдық жұмыстарғы жетекшілік жасайды.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг  құқық негіздерімен» кафедрасының басшылар құрамы э.ғ.к., Сыздықова Күләш Шаймолденқызы, оқу ісінің меңгерушісі Рахымжанова Екатерина Болысбекқызы. «Денсаулық сақтау және фармациядағы құқық негіздері бар менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (ОПҚ) 19 оқытушыдан тұрады, оның ішінде Алматы қаласының іргелі жоғарғы оқу орындарының 4 жоғары білікті оқытушылары сабақты қоса атқарды (Қазақ-Британ техникалық университеті,

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті, т.б.). Олардың ішінде  5 э.ғ.к., доцент,  6 аға оқытушы, 5 оқытушы бар. Кафедра оқытушыларының  32% ның ғылыми дәрежесі бар. Мемлекеттік тілде 17 оқытушы сабақ береді (95%), оның ішінде 5 оқытушының  ғылыми  дәрежесі бар. Кафедрадағы  ОПҚ-ның орташа жасы 39.

Кафедра «Қазақстан Республикасындағы  бүгінгі менеджмент – жаһандану жағдайында» атты тақырыпта ынталы ғылыми жұмыстармен айналысуда. Бұл жұмыстың мақсаты жаһандану кезінде менеджменттің келешегі мен даму жолдары мен оның теоретикалық аспектісін зерделеу, ҚР жағдайында менеджмент саласындағы мәселелерді тауып, оларды саралау, ҚР менеджменттің бүгінгі даму қарқынын анықтау болып табылады.

Бүгінгі 35 сертификат алып отырған кафедра ОПҚ құрамының өз біліктілігін ұдайы  көтерумен айналысатындығын көрсетеді.

Кафедра оқытушылары жыл сайын ҚР жоғары оқу орындары ұйымдастыратын республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық мәжілістерге қатысып, онда ғылыми баяндамалар жасап, мәжіліс жинақтарында өз мақалаларын бастырып тұрады.  Олардың жетекшілігімен 050507 – Менеджмент мамандығы бойынша студенттер жоғары оқу орындары студенттері арасында өтетін мәжілістерге қатысып, бірнеше жүлделі орындарға, мақтау қағаздарына ие болды.

Кафедра оқытушылары мен студенттер ұжымы қоғамдық жұмыстар мен көпшілік-мәдени шараларғада  қатысып тұрады. Жыл сайын  өтетін жас студенттерге арналған жиындарға белсенді араласады.  Университеттің  80 жылдық  мерейлі тойына кафедрадан «Ата заң», «Кафедра туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер» атты және кафедраның қызметін баяндайтын  туралы бейнетүсірілім дайындады. Университетте өткен  «Екі жұлдыз» ән байқауында кафедра оқытушылары мен студенттері бірінші жүлдені жеңіп алды.

Бүгінгі таңда кафедра оқу-әдістемелік, зерттеме жұмыстарына мемлекеттік тілде экономикалық және құқылық оқу құралдарын шығаруға көңіл бөлуде.

Денсаулық сақтаудағы экономика кафедрасы

«Денсаулық сақтаудағы экономика» кафедрасы «Қазақстан тарихы, мәдениеттану және экономикалық теория» кафедрасының негізінде ұйымдастырылып, 2007 жылдан бастап «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент» факультетінің дербес кафедрасы ретінде жұмыс атқарып келеді. Кафедраның алғашқы жетекшісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Алшынбай Айнур Мұхтарқызы болып табылады. Кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамында 1 экономикалық ғылым докторы, 3 экономикалық ғылым канидидаты, 3 аға оқытушы және 5 оқытушыдан құралған. Кафедра құрамының көптеген жас қызметкерлері кәсіби деңгейін арттыру мақсатында магистратурада білімін жетілдіріп, магистрлік диссертация жазуда. 2009 жылдан бастап, жоғары білікті маман, 10 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысқан, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Садыров Ғани Ауесханович кафедраның меңгерушісінің міндетін атқаруда.

Кафедра Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына бакалаврлар мен магистрлер дайындауға өз үлесін қосуда. Еңбек нарығының сұранысын есепке ала отырып, кафедрада алғашқы білімі бар мамандар үшін екінші мамандық алуға және орташа арнайы білім негізінде оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Студенттер экономикалық теорияны, макро- және микро-экономиканы, кәсіпорын экономикасын, денсаулық сақтаудағы экономиканы, статистика, эконометрика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, экономиканы мемлекеттік реттеу, қаржы нарығы және делдалдары, нарықтық экономика негіздері және денсаулық сақтауды қаржылық талдау пәндерін оқуда.

2009 жылдан бастап «Менеджмент» мамандықтарының оқытылу курсына элективтік пәндер қосылды, олар: денсаулық сақтаудағы шағын және орта бизнес, баға белгілеу, халықаралық экономика және өзге де арнайы пәндер.

 

Поисковые слова::