«Менеджменттің маңызды сұрақтарын ұйымдастыру ушін, БҰДЖ-дан тыс қызметкерлерге» дәрежесін жоғарлату курсын өткізу

РМК мен ШҚРМК (шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын) «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті» және «Қазақстан Республикасының Денсаулақ Сақтау Министерлігінің» келісім шарты бойынша  Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық  Денсаулық Сақтау  мектептерінде  2012 жылдың 2 сәуір мен 2 –ші қараша айы аралығында, бас дәрігерлерімен  және  ұйым экономистеріне, БҰДС жүйесінен тыс қызметкерлерге  денсаулық сақтау менеджментінің сұрақтары бойынша оқытулар өткізіледі.

Барлығы 320 адам оқытудан өтеді, олар: туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, психоневрологиялық қызмет, ЖИТС алдын-алу және күресу орталығы, СӨСҰ, қан құю орталығы, жедел медициналық көмек , Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қосатанай, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,Маңғыстау, Атырау,Солтүстік  Қазақстан және Шыңғыс Қазақстан обылыстарының жұқпалы ауруханаларының қызметкерлері.

ҚазҰМУ мамандары бас дәрігерлерімен және ұйым экономистеріне, БҰДС жүйесінен тыс қызметкерлеріне  әдістемелік материалдар, тақырыптық презентациялар, оқыту бағдарламалары дайындалады.  Бір оқыту курсы- 54 сағат.

Оқыту мақсаты — медициналық ұйымдардың ресурстарымен бақылау аумағы бойынша білім алу.

Компетенциялар:

«Денсаулық  сақтау стратегиясы мен саясаты»

«Денсаулық сақтау экономикасымен қаржыны басқару»

«Денсаулық сақтау ақпараты және статистикасын басқару»

«Өзін және халықты басқару»

«Медициналық көмектің сапасын басқару»

Оқыту түрлері:

  • дәрістер;
  • семинарлар,тәжірбиелік сабақтар;
  • өзіндік жұмыстар;
  • жоба дайындау т.б.

Білімін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Тестілеу;
  • жобаларды қорғау;

Қазақ салт-дәстүрлері

Шет тілдер каферасының   оқытушылары  “Қазақ салт-дәстүрлері” тақырыбында 11-022-2ЖМк, 11-012-2ЖМк факултет студенттерімен бірге іс-шара  өтілі.

Ашық іс-шараның мақсаты: студентерді патриоттыққа тәрбиелеу, студенттерге  қфзфқ салт-дәстүрін таныстыру.

Поисковые слова::

Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен кафедрасы

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де бұйрық №23 28.08.2007ж ҚР БҒМ  серии АА №0000005 құрылып, 19 қараша 2001ж. және ҚР МЖБС 3.08.311-2006, ҚР МЖБС 5.03.002-2004 лицензиясына негізделіп келесі, мамандық бойынша түлектер дайындалып, шығарылуда.

050507 – Менеджмент (менеджмент бакалавр)

орта білім базасы негізінде (күндізгі оқу бөлімі) -4 жыл

орта білім базасы негізінде – мамандандырылған білім (сырттай оқу бөлімі)-3 жыл

орта білім базасы негізінде – мамандандырылған білім ОМБ (сырттай оқу бөлімі, мамандығы жақын емес) -5жыл

орта білім базасы негізінде – (сырттай оқу бөлімі) -2 жыл

050507 – Менеджмент мамандығының бакалавр түлектеріне – бакалавр менеджмент академиялық дәрежесі беріледі.

Бизнес және кәсіпкерлік, қаржылы-банктік жүйе, денсаулық сақтау мен фармация жүйесі, экономика секторы, бітіруші түлектердің мамандандырылған қызметтері болып табылады.

Мамандандырылған қызметтердің функциясына төмендегілер жатқызылады:

—  басқару мен өндірісті дамытуды жоспарлаудың негізгі бағыттары;

— өндіріс  объектісінің құрылымын реттеу және құрамын басқару, өндіріс аппараттарын орналастыру тиімділігін реттеу;

—  персонал мотивациясы және оны еңбекте қолдану;

—  басқару қызметін бақылау.

2009 жылы 6N1101 – Медицина (Қоғамдық денсаулық сақтау. Денсаулықты басқару) мамандығы бойынша алғашқы бітіруші түлектер болып,  магистранттар  болды. 2009 жылдың қыркүйегінде 6N1101 – Медицина мамандығы қайтадан «Саясат және денсаулықты басқару» кафедрасына берілді де, «Философия, саясаттану, әлеуметтану және құқық негіздері» кафедрасы құрамындағы  «Құқық негіздері» секциясы «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг» кафедрасына ауыстырылды.

Кафедра құрылған күнінен бастап, мамандық бойынша келесі түлектер бітіріп шықты:

2007-08 оқу жылында  – 127 адам.

2008-09 оқу жылында  – 91 адам, оның ішінде  – 14 магистрантар.

2009-10 оқу жылында  – 169 адам.

Кафедрада отызға жуық пәндер жүргізіледі (Менеджмент және маркетинг негіздері, Менеджмент теориясы және тәжірбиесі, Қаржылық менеджмент, Өндірістік менеджмент, Маркетинг, Әлеуметтік ортаны реттеу, Әкімшілік құқық, Кәсіпкерлік құқық, Бизнесті ұйымдастыру, Персоналды басқару және т.б.).  Кафедрада ПОҚ–мен ПОӘК дайындалынған, курстық және дипломдық жұмысты орындау үшін, сондай–ақ, оқу және өндірістік тәжірбиені өту үшін әдістемелік нұсқаулар мен бағдарламалар жасалынды. Мемлекеттік тілде (10 б.б) «Қаржылық менеджмент» курсы бойынша оқу әдістемесі жарық көрді.

Оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірбиелік жұмыстары кафедраның ПОҚ жетекшілігімен жүргізіледі.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасын  э.ғ.к. Жақсығұлова Гулзира Кенжеғұлқызы, ал, оқу ісінің меңгерушісі аға оқытушы Авгамбаева Нағима Нұрсеитқызы атқарады.  «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасындағы профессор –оқытушы құрамы 12, оның  2–і қосымша (Қазақстан-Британдық Техникалық Университеті, Т.Рыскулов  атындағы ҚазЭУ және т.б.) сияқты,  Алматының жетекші оқу орындарынан (оның ішінде: 4– доцент, 6–аға оқытушы, 6 –оқытушы), кафедраның дәрежелігі 34% құрайды.  Мемлекетік тілде 10 оқытушы сабақ береді, ал бұл (84%), оның ішінде 4 оқытушы ғылыми дәрежемен. Кафедрадағы ПОҚ-ң орташа жас шамасы 39 құрайды.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджментжәне маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасының меңгерушісі – 

э.ғ.к. Жақсығұлова Гулзира Кенжеғұлқызы

Әріптестердің әдістемелік жұмысы

Қазіргі уақытта кафедрадағы жұмыстар нығайтыла түскен:

— оқу- әдістемелік жұмысы;

«Денсаулық сақтаудағы маркетинг» пәні бойынша Жақсығұлова Г.К., Тұрсынбаева М.Ж. оқу әдістемелік нұсқауы;

—  Г.К Жаксығұлованың «Менеджмент» мамандығы студенттерін дайындаудағы интерактивті әдістемелік кешенін қолданудағы әдістемелік нұсқауы, Жақсығұлова Г.К., Тасмаганбетова А.А., Төлебаев Ж.С., Авгамбаева Н.Н., Байтекова К.Ж., «Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған оқу және өндірістік тәжірбиеден өтудегі әдістемелік нұсқаулықтары, Жақсығұлова Г.К., Меирбекова Е.М., Төлебаев Ж.С. «Менеджмент» мамандығы студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындаудағы әдістемелік нұсқауы;

—  мемлекеттік тілде құқықтық пәндерден оқу әдістемесі дайындалуда.

 

 

Кафедраның ғылыми жұмыстары

Кафедрада «Қазақстан Республикасының жаһандану кезіндегі, заманауи менеджмент» атты, иннициативалық ғылыми жұмыс жүргізілуде. Кафедраның ПОҚ-ы ҚР ЖОО-да өткізілетін жыл сайынғы республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуда: Авгамбаева Н.Н.  Алатау Университетіндегі «Ғылым-2030» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференцияға, Меирбекова Е.М КазАТИСО–ғы «Экономиканың қазіргі мәселелері» атты халықаралық конференциясында баяндамамен шығып, конференция жинағында статьялары жарық көрді. «Менеджмент» мамандығының студентері кафедра оқытушыларының жетекшілігімен  оқу орындары арасындағы студенттік конференцияларға қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталынды.

Кафедра құрылған күннен бастап  ПОҚ–ы жүйелі түрде біліктіліктерін арттыруда, қазіргі уақытта ол 35 сертификатпен расталынады.

2 мен 21 сәуір аралығында оқыту бағдарламасы бойынша «Денсаулық сақтаудағы стратегиялық менеджмент», «Денсаулық сақтаудағы экономика» атты, тақырыпта экономика ғылымдарының докторы, профессор, Удин Мемлекеттік Университетінің (Удин қаласы, Италия) «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, (Копенгаген, Дания) ЖҚД Бюросының  Еуропалық аймақтық денсаулық сақтауды басқару кеңесшісі – Брузатти Лука Джованни Карло дәрістік және тәжірбиелік сабақ өткізбек.

 

Студенттік ғылыми кружок

Студенттің ғылыми зертеу жұмысы (СҒЗЖ) болашақ ғалымды және жоғарғы білікті маман дайындаудағы аса қажетті аспектілердің бірі. Сол себепті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасында «Менеджер-2015» ғылыми- студенттік кружок бар, кружок аясында студенттер тек білім мен жоғарғы біліктілікті қана игеріп қоймай, өздерінің иннтелектуалды ерекшеліктері мен лидердік қасиетерін шыңдай алады. Ғылыми- студенттік кружок студентке толық қанды ғылыми жұмысты бастауға, зерттеу жұмысының нәтижесімен бөлісіп, ақылдасуға мүмкіндік береді.

2011-2012 оқу жылы аралығында келесі іс -шаралар атқарылды.

1)      Студенттердің жыл сайынғы СҒЗЖ республикалық конкурсына қатысу үшін СҒЗЖ тақырыптары құрастырылып, бекітілінді және студенттер арасында таратылынып берілді. Ғылыми зерттеу жұмысын жазу туралы кеңестер өткізілінді. Жалпы, кафедраның ПОҚ–н тақырып бойынша жоспар құрастырылып, пікірлер берілді. 2012 жылдың қаңтар айында Университеттік СҒЗЖ Республикалық конкурсының бірінші кафедралық кезеңі өтті, ал ақпан айында екінші университеттік тур өтті.

2)      СҒК жетекшісі Нурпеисова А.А. ЮГРАД (The Eurasian Undergraduate Exchange Program) және Эдмунд Маски (The Edmund S. Muskie Graduate Fellowship Program) стипендиалық бағдарламасы негізінде презентация жүргізді. Ол студенттерге 2012-2013жж Евразиялық Стипендиялық (Global UGRAD)  бағдарламаның ашылғаны туралы ақпарат берді. Берілген ақпарат бойынша студенттер стипендиялық бағдарламаның мүмкіндігін пайдалана отырып, АҚШ–ң колледждері мен университетінде бір академиялық жыл ішінде оқуға болатынын білді.

3)      С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң визитинг профессор бағдарламасы аясында  2011жылдың қазан айында студенттер, сапа саласындағы лидер, «Басқарушылық талдау: сапаны басқару» атты, тақырыптағы  тәуекелді басқару және сапа сұрақтарын зерттеудің статитикалық әдісінің дәріскері доктор Зигмунд Блувбандтың жалпылама дәрісін тыңдады.

4)      2011жылдың желтоқсан айында СҒК мүшелерімен  Дүниежүзілік ЖИТС–ке қарсы күніне орай дискуссия отырысы болды. СҒК мүшелері Ерденбекова С және Өмірсерікова Э.,  тақырып бойынша баяндама дайындады. Өз кезегінде студенттер, бұл сұрақтың шығу тарихына тоқталып, Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күн (World AIDS Day) алғаш рет 1988ж 1желтоқсанында барлық елдердің денсаулық сақтау министрліктерінің дабыл қағып ақпараттандырғандарын  шыққанын айтты.  Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күн біріктірілген күштердің негізінде әлемнің барлық аймақтарындағы жастар арасында орын алып жатқан  ВИЧ-инфекциясына қарсылықтарын білдіріп, талқыға салды.

5)      2011жылдың желтоқсанында СҒК «экономикалық реформаға 20 жыл: қорытынды, тәжірбие, болашақ» атты, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 -жылдығына орай семинар-диспут өткізді. Іс- шараға басқа ЖОО өкілдері, ПОҚ қатысты. Барлық баяндаушылар өз баяндамаларында  республикамыздың 20–жылдық тәуелсіздігіміздің тарихына тоқталып кетті, мемлекетіміздің негізгі жаңалықтарына тоқталды, саяси-қоғамдық жетістіктер туралы ақпараттандырылды, Қазақстанның әлеуметті-экономикалық және мәдени-гуманитарлы дамуы туралы және ұлтаралық тұрақтылыққа баса көңіл бөлді. Сондай- ақ, қазақстанның сыртқы саяси инициативалары, әсіресе, ядролық қарусыздандыру саласына аса назар аударылды. Іс – шара барысында қатысушыларға Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінің тарихы туралы ақпарттық материалдар таратылды, сондай-ақ, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20жыл» атты документальды фильм көрсетілді.

 

Қоғамдық жұмыс

ПОҚ мен студенттер кафедраның қоғамдық және мәдени жұмыстарға белсене қатысады,  олар: «Университет студенттердің санат қатарына алыну» және т.б., «Екі жұлдыз» музыкалық конкурсынада оқытушы Байтекова К.Ж. бірінші орынды иеленді. Университеттің 80 –жылдығына дайындалынған стендттер: «Ата Заң», «Кафедра туралы», «Денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың міндеттері мен құқықтары» және кафедраның қызметі туралы видиоероликтер дайындалынды. Кафедраның ПОҚ  университетіміздің интерндеріне, аға лаборанттарына, оқытушыларына «Менеджмент» бойынша біліктілікті көтеру курсын дайындауда. Кафедраның ПОҚ қала мектептерінің ішінде профориентациялық жұмыс жүргізуде.

«Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасы «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлестік күнін» тойлауда.

Тәрбие жұмысы 

2011жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай кафедрада «Студенттер жемқорлыққа қарсы!» лозунг негізінде бірінші курс студенттері арасында конкурс ұйымдастырылып, төмендегі үш номинациямен жүргізілді:

  1. Ең үздік агитациялық  плакат
  2. Ең үздік  антикоррупциондық видео-ролик
  3. Ең үздік  агитациялық парақша

Ең үздік  жұмыстар дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапаталынды.


Поисковые слова::

Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы

Кафедра  тарихы.  Дене  1935  шынықтыру  кафедрасы  жылы  құрылды.  Бірінші  кафедра  меңгерушісі  болып  (1935 – 1938 ж. ж.) Попова  Е. Н. болды.  1938  және 1940  жылдары  кафедраны    Макаренко Б. Г. басқарды.  1940  және  1952  жылдары   Гут  А. Г.  басқарса,  содан  кейін  1925  және  1973  жылдар  аралығында    Сералиев  М. С.  1974  және  1980  жылдары  Иванов  И. П.,  1981 – 1995  жж.  Смирнов  В. М.  1996 – 2008  жылдар  аралығында  кафедраны   доцент  Рябцов  Ю. А.  басқарып  келді.

1952 – 1973  жылдары  М. С. Сералиева  кафедра  меңгерушісі  болып  қызмет  істеген  кезде  кафедраның  материалдық – техникалық  базасы  көп  нығайды.  1200  шаршы  метрлік  ауыр  атлетика  спорт  кешені  салынды.  1951 – 1973  жыл  аралығында  Ыстықкөлдің  жағасында  спорттық  емдік  қызмет  істей  бастады.  Жазғы  кезде  жүзден  астам  студенттермен  Университет  қызметкерлері  демалды.  Кафедра оқытушыларымен  әр  спорт  әр  спорт  түрлерінен  20 – дан  астам  спорт  шебері,  спорт  шеберлігіне  үміткер  және  жүз  шақты   1,2,3  разрядты  спортшылар  дайындалды.

ҚазҰМУ  мақтаныштары  Олимпиада  чемпионы  Олег  Антропов  (волейболдан)  және  КСРО  құрама  командасының  капитаны  Сергей  Котенко  (су  добынан).

Көп  жылдар  бойы  кафедрада  Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлері  доцент  М. Б. Брусиловский,  аға  оқытушы  А. П. Спивакина,  аға  зертханашы  М. Т. Кудряшева  қызмет  етті.

2008  жылдан  қазіргі  уақытқа дейін  п.ғ.к.  доцент  Т. С. Бекболатов  кафедра  меңгерушісі  болып  қызмет  атқаруда.  Кафедраның  мақтаныштары  болып  кафедра  оқытушылары:  Олимпиадаға  қатысқан  халықаралық  дәрежедегі спорт  шебері  Ж. Ж. Сатубалдин  Сидней,  Австралия,  2000  ж.  суда  есуден  халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  А. Ж. Иманбаев  2008  ж  грек – рим  күресінен  ҚР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы.

Атлант,  АҚШ  1996  жылы,  Афина  Греция  2004  жылы  садақ  ату,  Олимпиада  ойындарының  бас  жаттықтырушысы   А. П. Короткий.  Ұлттық  Олимпиада  комитеті  орденінің  иегері,  жеңіл  атлетика  ҚР  еңбек  сіңірген  жаттықтырушы  2008  жылы  Пекинде  өткен  мүмкінділігі  шектеулі  спортшылардың  бас  жаттықтырушы  В. М. Радоснов.

Бокстан  1975 – 1977  жылы  Германия    және  Польшада  өткен  бес  халықаралық  турнирдің  жеңімпазы  спорт  шебері   А. Н. Самойленко  болды.

Кафедрада  студенттер  арасында  тәрбие  жұмысын  келесі  негізгі  бағыттар  жүргізіледі:

Тәрбие  жұмысы-бойынша «Экстремиз және терроризм»,    «Ішімдіктің және шылымның денсаулыққа зияны»,    ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылда жеткен спорттық жетістіктері, «Рухани келісім апталығы» тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер жүргізілді.

Бұқаралық–спорттық  жұмысы,  салауатты  өмір  салтын  насихаттау,  жатақанадағы  іс-шаралар,  патриоттық,  құқықтық  және  еңбек  тәрбиесі,  университет  аралық  жоғары  оқу  орындары  аралық  іс – шаралар.

Бұқаралық  — спорттық  жұмыстар  Қаз ҰМУ  ректоры  бекіткен  спорттық  іс – шаралар  жоспарына  сәйкес  негізделген.  Университеттің  спорт  базасында  спорт  түрлерінен  машықтану  сабақтары  жүргізіледі.  Волейбол,  бокс,  грек–рим  күресі,  қазақша  күрес,  дзюдо,  самбо,  жеңіл  атлетика,  атлетикалық  гимнастика, шағын футбол,  баскетбол,  ырғақты  гимнастика,  кикбоксинг.

Жыл  сайын   Университетке  бірінші  курс  аралық  және  факультет  аралық  Спартакиадалар  өткізіледі.

2009 ж. ҚазҰМУ  студенттері  дене  тәрбиесі  және  денсаулық  кафедрасы  оқытушыларының   басшылығымен  ҚР  V жазғы  Универсиадада  7-орынға  ие  болды.

Соңғы  жылдағыдан  кафедра  бірінші  рет  2009 – 2010  оқу  жылында  Қаз ҰМУ — дың   80 – жылдығына  байланысты  Профессорл-Оқытушылық  Құрамы  арасында  төрт  спорт  түрінен  Спартакиада  өткізілді.

2011-2012 оқы жылында ҚР ЖОО орындарының студенттері арасында V қысқы Универсиада бес спорт түрлерінен: шаңғы спорты., Армрестлинг., Пауэрлифтинг., шағын футбол., Гір спортына студенттер қатысты.

Жалпы  айтқанда  кафедраның  жұмысы,  студенттерді  салауатты  өмір  салтын  сақтауға,  дене  шынықтыру  және  спорт  құралдары  арқылы  денсаулықты  нығайтуға  бағдарланған.  Осы  бағытта  ғылыми  және  әдістемелік  жұмыстар  жүргізіледі.  Болашақ  дәрігерлердің  кәсіби – қолданбалы  дайындығы  орындалады.

 

Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент                                            Бекболатов Т.С.

Поисковые слова::

Орыс тілі кафедрасы

2011-2012 оқу жылына орыс тілі кафедрасынынң құрамы:

Кафедра меңгерушісі: педагогика ғылымдарының докторы,профессор, педагогикалық білім беру ғылымдарының халықаралық академиясының академигіРесей, Мәскеу), ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, қазақ тілінде оқыту мектептерінің 5,7,10 сыныптары үшін орыс тілі бойынша қолданыстағы бағдарламалары мен оқулықтарының авторы Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейсова.

Жалпы – 28 оқытушы, соның ішінде 1 профессор, п.ғ.д. Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейсова, 4- педагогика ғылымдарының кандидаты: П..Чумбалова, , Р. Ж. Дәркембаева, М.Н. Низамова, Н.А. Өзекбаева, 3 доцент, 15- аға оқытушы, 6-оқытушы, 2-тағылымдамадан өтетін оқытушы.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты ретінде оқытудың кредитті жүйесі жағдайында орыс тіліне кәсіби бағыттап оқыту мәселелерін зерттеу болып табылады.

ПОҚ негізгі міндеттері:сөйлеу қызметінің негізгі салалары мен түрлері барысында болашақ медицина қызметкерлері студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, орыс тілі құралдары арқылы негізгі коммуникативтік  мәселелерді шешу, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, орыс тілі құралдары арқылы негізгі коммуникативтік  мәселелерді шешу, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруына ықпалын тігізетін ақпарат алу үшін мамандығы бйынша ғылыми әдебиетті пайдалану.

Кафедраның ғылыми қызметінің бағыттары:

  • Жоғары білім беру жүйесінде жаңғырту жағдайында орыс тілін ана тілі емес ретінде оқытудың инновациялық стратегиясы мен тактикасы;
  • кредиттік технологиялар жағдайында оқу үрдісінің ұйымдастыру нысандары мен әдістері;
  • сөйлесудегі оқу кәсіби саласындағы студенттердің танымдылық қызметінің белсендіру әдісі, олардың тіл мен сөйлесу құдыреттілігін жетілдіру, бәсекеге қабілетті маман ретінде  олардың тілдесе алатын тұлға қабілеттерін қалыптастыру;
  • кредиттік технологиялар жағдайында студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері;
  • студенттердің болашақ мамандығын есепке алумен тілдік материялын іріктеу және ұсыну;
  • студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы (СҒЗЖ):

Жыл сайын кафедрада пән бойынша олимпиада, университеттің ғылыми күніне арналған конкурс, ең үздік шығармаға конкурстары ұйымдастырылып, өткізілуде. Қазақ топтарының 1 курс студенттері ЖОО арасында өтетін студенттер іс-шараларына қатысады.

Кафедраның инновациялық қызметі

Кафедра мүшелерімен үйренушілердің танымдылық қызығушылықтарын және мұқтаждықтарын көрсететін мұқтаждықтарын көрсететін бағдарламалық тақырыптар шеңберінде суденттердің тілдесу әрекеттерін ынталандыратын интрактивтік әдістері, коммуникативтік негізінде оқу әдістері, ғылыми стилінің құрылымдарын енгізу, студенттердің болашақ мамандықтарымен байланысты оқу мәтіндерін қолдану кеңінен қолданылады.

Енгізу нәтижелері алдағы дәрігерлік қызметіндегі коммуникативтік құзыреттін  қалыптастыру, кәсіби тілдесуде мәдениеттілігіне үйрету болып табылады.

Қаз ҰМУ орыс тілі кафедрасы барлық факультеттер үшін ОМБС сәйкес тиісті оқу әдістемелік материалдарымен, нұсқаулық хаттарымен, жұмыс бағдарламаларымен, силлабустарымен қамтамасыз етілген:

медицина университетінің студенттері  үшін «орыс тілі» бойынша оқу жұмыс бағдарламасы 6 кредиттен тұрады және оған 4 модуль жатады:

  • 1 модуль «Орыс тілінің кіріспе курсы»;
  • 2 модуль – «Сөйлеудің функцияналды стильдері»;
  • 3 модуль – «Ғылыми мәтін№ Ғылыми мәтіннің компрессиясы».
  • 4 модуль – «Кәсіби саладағы тілдесу әрекеттердің мәдениеті»

Тәрбие жұмыс Қаз ҰМУ даму стретегиясының жүзеге асыру бойынша 2011-2012 ж.ж. арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылады. Кафедра мүшелерімен айтарлықтай алуан тәрбие жұмысы жүргізіледі: кездесулер, экскурсиялар, орыс, қазақ әндері, өлең оқу сайыстары және т.б. ұйымдастырылып өткізіледі «Қаламқас» деген эстетикалық тәрбиелеу клубы табысты қызмет етеді. (жетекшісі аға оқытушы С.Б. Кембеков)

Жоспар әзірлеу барысында студенттердің рухани тіршілігінің мүдделері мен көп қырлары ескеріледі:

  • Эстетикалық ой – өрісін кеңейту;
  • Рахани адамгершілік мәдениеті;
  • Салауатты өмір салтының нормаларын сақтау.

2011 жылдың қортындылары бойынша жұмысты жандандырғаны және АҚ пен ТЖ бойынша қызметкерлерді дайындауда жоғары корсеткіштері үшін орыс тілі кафедрасы айына, аталмыш жұмыс үшін жауапты аға оқытушы Ұ.А. Ботатаеваға алғыс жариялаған.

Қазіргі таңда дайындық бөлімшесінде Ауғаныстаннан келген студенттер оқиды.

«Неміс халқының салт-дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс-шара өткізілді

14 наурыз 2012 жылы шет тілдер кафедрасында «Неміс  халқының салт-дәстүрі» деген тақырып бойынша факультативтік іс-шара өткізілді. Жауапты оқытушылар Еленова А.К., Турумбаева Р.Р. және 11-007 топ жалпы медицина факультетінің студенттері. Іс-шараның мақсаты: студенттерге неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, олардың көзқарасын, ой-санасын дамыту және мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру.

Читать далее

Поисковые слова::

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен оқытушылар құрамы 2011-2012 оқу жылы


Аты-жөні

Қызметі

Мекен жайы

Ұялы, үй  телефондары

1. Суатай   Сәбит   Құрманжанұлы

кафедра меңгерушісі

ф.ғ.к., доцент

Мамыр-1, 15 үй,

9 пәтер

255-79-21

8.705-600-53-21

2. Абдуллина     Зауреш       Абдрахметовна

ф.ғ.к., доцент

Пушкин көшесі

26 үй, 54-пәтер.

397-48-59

8701-754-33-65

3. Дәрменқұлова        Рая     Нұрсұлтанқызы

ф.ғ.к., доцент

№2 ықшам ауданы

7 үй, 24-пәтер

276-62-41

8.777-223-33-37

4. Доскеева    Балдырған  Жармұхаметқызы

ф.ғ.к., доцент

Қарасай  ауданы

Әйтей ауылы Ұлытау 9 үй

8.705-706-08-75

320-28-17

5. Исаева   Жанар   Тұрсұнбайқызы

ф.ғ.к., доцент

Қалқаман

13 үй, 140-пәтер

8.701-380-09-75

309-81-90

6. Зайсанбаев  Төлеубек    Қизатұлы

ф.ғ.к., аға оқытушы

Сүйінбай 345,

4-пәтер

239-75-32

8.701-3615177

7. Қожахметова Фарида Бақытжанқызы

ф.ғ.к., оқытушы

Р.Бакиев 65 үй,

8-пәтер

241-43-33

8.777-272-69-10

8. Тұңғышбаева    Ғалия    Жетпісбайқызы

аға оқытушы

1 мкр. 32 үй,

9-пәтер

276-50-34

8.777-228-51-12

9. Рахымбаева   Ақлима  Тілеумбекқызы

аға оқытушы

Саудакент

Райымбек даңғылы,

245 б.–үй, 53-пәтер

8.701-602-67-27

245-27-66

10. Қастеева    Толқын   Бақышқызы

аға оқытушы

Мамыр-7

16 үй, 48-пәтер

255-53-16

8 701 556 42 32

11. Дәулетбекова   Жанат    Сабитқызы

аға оқытушы

Көктем – 3 15 үй, 88 пәтер

8.701-747-71-46

12. Тәттібаева  Айымгүл   Елшібайқызы

аға оқытушы

Қарасай  ауданы Алмалыбақ  ауылы

Наурыз  көшесі

6 үй

8.701-35-77-177

8.777-199-71-49

8.700-333-17-95

307-25-71

13. Бураханова  Құралай  Сейлханқызы

ф.м.,  аға оқытушы

КазЦИК

8.701-125-82-57

14. Жақсыбаева  Эльмира   Оразғалиқызы

ф.м., оқытушы

Аль-Фараби көшесі 71/13. 36-пәтер

377-32-23

8702-400-40-57

15. Қалысбаева   Айжан    Исабайқызы

аға оқытушы

10- ықшам ауданы

Берегавой 59б, 60 пәтер

8.777-261-70-38

309-58-84

16. Канленова     Бақыт   Нилқызы

оқытушы

Айнабулак 1, №22үй, 2 пәтер

294-73-99

8.777-704-11-16

8.702-584-37-25

17. Жантасова        Сапаргүл   Орашқызы

аға оқытушы

ул.Гагарина, 12,

кв. 102

8.701-432-83-90

18. Жанузакова      Майра    Тауыпқызы

оқытушы

ул.Красногорская, 35/1, кв. 29

8.777-364- 25-56

19. Лисариди       Елена      Константиновна

аға оқытушы

ул.Толе би, 190, кв.14

8.701-724-79-79

20. Нурмухамбетова    Ботакөз        Наскенқызы

аға оқытушы

ул.Абылай хана,

13, кв.18

8.702-286-26-28

21. Татаренко  Татьяна      Дмитриевна

аға оқытушы

ул.Муратбаева,

64, кв.42

8.777-368-18-03

22. Токпанова       Анель   Алтайқызы

аға оқытушы

ул.Тимирязева,

57 б,кв.7

8.701-91- 60-47

23. Шойбекова    Алима     Жорабайқызы

аға оқытушы

ул.Кокжиек,

60, кв.28

8-777-265-55-18

24. Бураханова  Ақмарал  Сейлханқызы

аға  лаборант

Балхаш көшесі №3

234-30-18

8.701-319-07-99

8.777-732-56-91

25. Аяпбергенова  Інкәр

аға  лаборант

Еңбекші  қазақ  аудан

Есік  қаласы Садовая  158

87078159401

26. Ахметова  Жамиля  Маратқызы

лаборант

Аль-Фараби көшесі 71/13. 36-пәтер

8.702-431-89-86

8.707-838-83-73

27. Шелбаева  Гүлия

лаборант

Қалқаман

8.701-757-15-62

393-89-31 

Кафедра  меңгерушісі,  доцент                                                    Суатай  С.Қ

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Суатай Сәбит Құрманжанұлы

Қазақ тілі кафедрасының менгерушісі, доцент С.Қ.Суатайдың өмірбаяны 

Суатай Сәбит Құрманжанұлы 1975 жылы 9 наурызда Алматы, Кеген(Қазіргі Райымбек) ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түсіп, 1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр, 1998 жылы Тіл білімі: Қазақ тілі мамандығы бойынша филология магистрі академиялық дәрежесін алған. 1998 жылдан Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының ізденүшісі болып, 2002 жылы профессор Б.Сағындықұлының жетекшілігімен  10.02.02- қазақ тілі мамандығы бойынша «Байырғы түбірлерден пайда болған қосымшалар» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Қазіргі таңда 10.02.02 мамандығы бойынша «Қазақ тіліндегі лексикалану және делексикалану құбылыстары» тақырыбында докторлық диссертация жазуда. 2 оқу  құралының 30 жуық ғылыми, оқу- әдістемелік мақаланың авторы. Қолданбалы  лингвистика, Контрастивтік лингвистика, Компьютерлік аударма пәндері бойынша тиіптік бағдарлама авторларының бірі. Халықаралық Түрколоктар  Қауымдастығының мүшесі. Еңбек жолы 1993 жылдан Алматы Қаласы, Әуезов ауданы №126 орыс орта мектебінде қазақ тілінен мұғалым, 1998жылы Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ- дың филология кафедрасында оқытушы, 2002-2004 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіне жалпы тіл білімі кафедрасында аға оқытушы  болып  қызмет  атқарған.

2004-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тілдері дамыту бөлімінің бастығы. 2007-2009 жылдар Д.А.Қонаев атындағы университетте Оқу- әдістемелік істер жөніндегі проректоры, Тіл пәндері кафедрасының менгерушісі болып жұмыс істеген. 2009 жылдан бері С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеті қазақ тілі кафедрасының менгерушісі.

доцент Абдуллина Зауреш Абдрахметқызы

 

ф.ғ.к., доцент Доскеева Балдырған Жармұхамедқызы

ф.ғ.к., доцент Исаева Жанар Тұрсұнбайқызы

 

ф.ғ.к., доцент Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы

ф.ғ.к., аға оқытушы Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы

аға оқытушы Тұңғышбаева Ғалия Жетпісбайқызы

аға оқытушы Татаренко Татьяна Дмитриевна

аға оқытушы Жантасова Сапаргүл Орашқызы

аға оқытушы Рахымбаева Ақлима Тілеуімбекқызы

аға оқытушы Қастеева Толқын Бақышқызы

аға оқытушы Лисариди Елена Константиновна

аға оқытушы Нурмухамбетова Ботакөз Наскенқызы

аға оқытушы Тоқпанова Анел Алтайқызы

аға оқытушы Шойбекова Алима Жорабайқызы

аға оқытушы Қалысбаева Айжан Исабайқызы

аға оқытушы Тәттібаева Айымгүл Елшібайқызы

аға оқытушы Дәулетбекова Жанат Сәбитқызы

ф.м., аға оқытушы Бураханова Құралай Сеилханқызы

оқытушы Канленова Бақыт Нилқызы

оқытушы Жанұзақова Майра Тауыпқызы

аға лаборант Бураханова Ақмарал Сеилханқызы

Поисковые слова::

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Қазақ  тілі  кафедрасы  өзінің   21  жылдық  тарихында көптеген  оқу-әдістемелік  жұмыстарын  атқарып, үлкен  жетістікке  жетті.  Кафедрада   типтік оқу бағдарламасы  басшылыққа  алынып,  студенттердің  сөздік  қорын  байытуға,  кәсіби лексиканы  дамытуға және болашақ  мамандығына  қатысты  қазақша    сөйлей  алу  қабілетін  қалыптастыруға  арналған  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  жарық көрді.

Доцент  Р.Н.Дәрменқұлова «Медициналық  мәтіндер  жинағы» (2001ж.) мен жалпы медицина факультетіне арналған «Қазақ  тілі  сабақтары»  (2007ж.) атты оқу құралын шығарды.

Доцент Б.Ж.Доскееваның авторлығымен «Қазақ тілі» Медициналық  оқу  орындарына  арналған оқу  құралы (2002ж.) және «Қазақ  тілі» Жоғары  оқу  орындарының І  курсына  арналған оқу құралы (2000ж.) шықты.

Доцент А.Т.Ақыжанованың «Мемлекеттік  тілді  оқып  үйренеміз» (2004ж), «Қазақ  тілі»  Мәтіндер  мен  жаттығулар (2005ж.) оқу құралы және кафедраның оқытушылары  Қ.Е.Хабдин  мен  А.Е.Тәттібаеваның  «Қазақ  тілі  сабақтары» (2001ж.)  атты  оқу  құралы  жарық  көрді.

Кафедра  оқытушылары  әр   факультетке  арнап  оқу  құралдарын  шығарды.

Аға  оқытушы  Ғ.Ж.Тұңғышбаева  стоматология факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) атты оқу құралын, оқытушы Ә.Ж.Қанапиянова фармацевтика факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) деген оқу құралын ұсынды.

Латын  тілінің аға оқытушылары  Р.Б.Тё мен  С.У.Жантасова  орыс  тілінде  «Сборник  упражнений  по  латинскому  языку  для  студентов  медицинских  факультетов»  (2006ж.) атты  оқу  құралын,  аға  оқытушы С.О.Жантасова  «Латын  тілі  жаттығулар  жинағын»  (2003ж.), С.Е.Тілегенова, С.О.Жантасова «Латын  тілі  типтік бағдарламасын» (2003ж.)  және аға  оқытушылар С.О.Жантасова, Б.Н.Нурмухамбетова «Латын  тілі  пәнінен  анатомиялық  терминологияға  арналған  тест  тапсырмаларын» (2006ж.) шығарды.  Сондай-ақ,  Т.Д.Татаренко  қазақ  және  орыс  тілдерінде  «Тесты  по  латинскому  языку по  анатомо- гистологической  терминологии   для  студентов  1  курса  КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова»   (2006ж.) деген  тест  жинағын  шығарды. Ал,  А.А.Тоқпанова  мен  Н.У.Абульхайрова  «Грамматика  латинского  языка  в  таблицах»  (2006ж.)  деген  оқу-әдістемелік  құралында  латын  тілінің  грамматикасын    кесте  үлгісінде   шығарды.   Латын тілінің оқытушылары   Т.Д.Татаренко,  А.А.Токпанова,  А.Д.Исабекова,  Е.К.Лисариди   «Тестовые  задания  по   латинскому  языку»  (2010ж.) атты тест тапсырмалар жинағын шығарды.

Кафедрада барлық факультетке арналған қазақ тілі мен латын тілінің жұмыс бағдарламасы және оқу-әдістемелік кешені жасалған.

Қазақ  тілі  кафедрасы  оқу-әдістемелік  жұмыстарын  мына  бағытта  жүргізеді:

Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, онда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспай бір жерде тұра берер еді.

Доцент Исаева Жанар Тұрсынбайқызы кураторлық тобының студенттеріне қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы әңгіме-сұхбат жүргізуде

Тәрбие процесін ұйымдастырудың қағидалары:

Доцент Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы кураторлық тобымен бірге

Тәрбиенің бағыттары:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және мәдениеттік тәрбие
  • рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • отбасы тәрбиесі
  • өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру
  • әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру
  • коммуникативті-мәдениетті қалыптастыру
  • экологиялық тәрбие
  • эстетикалық тәрбие
  • дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы ортаны қалыптастыру
  • еңбек және экономикалық тәрбие
  • кәсіби-шығармашылық тәрбие
  • интеллектуалды мәдениетті дамыту 

Аға оқытушы Ақлима Тілеуімбекқызы Рахымбаева жалпы медицина факультеті 80-куратор тобымен бірге университет мұражайында.

Поисковые слова::

Кафедраның ғылыми жетістіктері

Қоғам  мен  ғылымның  дамуы  тіл    біліміне  өз  ықпалын  тигізері  айқын.  Осыған  орай  тіл  білімінің  әр  түрлі  салаларында  өзіндік  үлестерін  қосып  жүрген  кафедра  оқытушылары халықаралық, республикалық, ғылыми-тәжірибелік т.б. көптеген  конференцияларға қатысып тұрады. Республикалық баспасөз беттерінде, оның ішінде, ғылыми жинақтар мен журналдарда мақалалары үнемі жарық көріп тұрады. Сонымен қатар, кафедра қызметкерлерінің еңбектері  кітап болып басылды. Олар еліміздің кітапханаларында (ҒАк, ОҰк, ЖОО кітапханаларында) бар.  Оқулықтарды кез-келген студент, аспирант, ізденуші, ғылыми қызметкерлер пайдалана алады. Сондай-ақ бұл еңбектерді ҚазҰУ, ҚазПИ, «Қайнар» университеттері оқу үрдісінде қолдануда.

2009 жылдың 3 желтоқсанында кафедра ұжымының  ұйымдастырумен «Медицина  білімі – мемлекеттік   тіл  аясында»  атты   республикалық  ғылыми-практикалық  конференция өткізілді. Конференцияға республикамыздағы беделді ғалымдар, қазақ тілінің жанашырлары қатысты.

Университеттің ұйымдастыруымен 2011 жылдың қазан айында Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Аталған конференцияда баяндамалар тыңдалып, шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кафедрада студенттердің  ғылыми  зерттеу  жұмысы  жақсы жолға қойылған.  Жыл сайын студенттік ғылыми конференция өткізіледі. Болашақ маман  ретінде  студенттер  әр  түрлі  тақырыпта  өздік  жұмысын  жазу  барысында  кәсіби  тілді,  жазу  ілімін,  сөз  жүйесін  т.б.  меңгереді. Конференция жеңімпаздарының еңбектері   Хабаршы  жинағына шығып тұрады.

Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ тілі кафедрасы — Алматы мемлекеттік медицина  институтының алғашқы   кафедраларының бірі.

Оның ең алғашқы  меңгерушісі – Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев (Қазақ ССР ҒА-ның академигі болған). 1937 жылы кафедра меңгерушісі болып К.Е.Бреусова сайланды. Сол кезде кафедра  орыс тілі кафедрасы деп аталды.

1938-1952 жылдар аралығында кафедра  тілдер кафедрасы деп қайта құрылады.

1989 жылы кафедра қазақ тілі кафедрасы  болып   қайта құрылды. Кафедраға  ф.ғ.к., доцент К.Қ.Аяпбергенова  меңгеруші  болып  тағайындалып,  1996 жылға дейін басқарды.

1997-1998 жылдары қазақ тілі кафедрасы құрамында психология, педагогика және орыс тілі курстары болды. Соған орай кафедра “Құрамында психология – педагогика және орыс тілі курсы бар қазақ тілі кафедрасы” деп аталды.

1996-1998 жылдары кафедраны аға оқытушы Доскеева Балдырған Жармұхаметқызы,

1998-2008 жылдары ф.ғ.к., доцент Исхан Бейбіт Жәлелұлы   басқарды.

2009 жылдың  наурыз айында кафедра меңгерушісі қызметіне  ф.ғ.к., доцент Суатай  Сәбит  Құрманжанұлы  конкурс бойынша сайланды. Доцент С.Қ.Суатай  1 оқу құралының 30-ға жуық ғылыми, оқу-әдістемелік мақаланың авторы, сондай-ақ  Қолданбалы лингвистика, Контрастивтік лингвистика, Компьютерлік аударма пәндері бойынша типтік бағдарлама авторларының бірі. Халықаралық Түркологтар Қауымдастығының мүшесі.

Кафедрада  ғылыми  бағытта   көптеген   жұмыстар  атқарылуда.  Кафедра  оқытушылары  жыл  сайын   халықаралық,  республикалық,  қалалық   ғылыми  конференциялар мен  семинарларға  белсене  қатысып,  өз  еңбектерін  жариялап  отырады.  Бес  оқытушы  филология  ғылымдарының  кандидаты,  оның  екеуі  жоғары  аттестациялық  комиссиядан  өтіп,  доценттік  атақтарын  бекіткен.  Кафедра  меңгерушісі, доцент  С.Қ.Суатай  докторлық  диссертациясын  аяқтап, қорғауға    дайындалуда.   Доценттер  Б.Ж.Доскеева ,  Р.Н.Дәрменқұлова, Ж.Т.Исаева  докторлық  диссертацияларын  бекітіп,  осы  бағытта  жұмыс  істеуде.

2009  жылдан     бері  кафедра «Медицина  білімі – мемлекеттік  тіл  аясында»  атты халықаралық   ғылыми-практикалық конференция  ұйымдастыруды дәстүрге  айналдыруда.  Бұл  конференцияда  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтеру,  тілді  оқыту  барысындағы  өзекті  мәселелер  мен  жеткен   жетістіктері  қозғалады.

Доцент Б.Ж.Доскееваның медицина саласында  кәсіби қазақ тілін дамытуда өзіндік  үлесі бар.  Ол жоғары оқу орындары І курсының жалғастырушы топтарына арналған “Қазақ тілі” (Алматы,  2000ж) және “Медициналық оқу орындарына арналған қазақ тілі” (Алматы, 2002ж) атты оқу құралдарының авторы.

Филология ғылымының кандидаты, доцент  Р.Н.Дәрменқұлова  2001 жылы “Медициналық мәтіндер жинағы” атты оқу құралын шығарды. Оның 2004 жылы ҚазҰУ-дың доценті М.Б.Көккөзовамен бірлесіп шығарған “Қызықты қазақ тілі” атты оқу құралында студенттердің қазақ тілінен алған білімдерін пысықтап, бекітуге арналған алуан түрлі грамматикалық ойын түрлері ұсынылған. доцент Р.Дәрменқұлова  өзінің диссертациялық  тақырыбы бойынша 11 ғылыми мақаланың авторы.

Филология ғылымының кандидаты, доцент Ж.Т.Исаева (Қазақ тілі (фонетика), “Ғылым”, Алматы. 2003ж; Қазақ тілі (Сөзжасам, морфология), “Арыс”, Алматы, 2004; Әдеби тілдің нормасынан ауытқыған сөздердің тарихи-лингвистикалық аспектісі , Алматы, 2004)  оқу құралдары авторларының бірі.

Кафедра оқытушылары Қ.Е.Хабдин мен А.Е.Тәттібаева шығарған медицина университеті бірінші  курс студенттеріне арналған. “Қазақ тілі  сабақтары” атты оқу құралы да (2005ж.) болашақ  дәрігерлердің  қазақ тілін игерулеріне, кәсіби тілде сөйлеу машықтарын дамытуға бағытталған.

Аға  оқытушы  Ғ.Ж.Тұңғышбаева  стоматология факультетіне арналған «Қазақ тілі сабақтары» (2008ж.) атты оқу құралын  басып  шығарды.

Латын  тілінің аға оқытушылары  Р.Б.Тё мен  С.У.Жантасова  орыс  тілінде  «Сборник  упражнений  по  латинскому  языку  для  студентов  медицинских  факультетов»  (2006ж.) атты  оқу  құралын,  аға  оқытушы С.О.Жантасова  «Латын  тілі  жаттығулар  жинағын»  (2003ж.),  С.Е.Тілегенова, С.О.Жантасова «Латын  тілі  типтік бағдарламасын» (2003ж.)  және аға  оқытушылар С.О.Жантасова, Б.Н.Нұрмұхамбетова «Латын  тілі  пәнінен  анатомиялық  терминологияға  арналған  тест  тапсырмаларын» (2006ж.) шығарды.  Сондай-ақ,  Т.Д.Татаренко  қазақ  және  орыс  тілдерінде  «Тесты  по  латинскому  языку по  анатомо- гистологической  терминологии   для  студентов  1  курса  КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова»   (2006ж.) деген  тест  жинағын  шығарды. Ал,  А.А.Тоқпанова  мен  Н.У.Абульхайрова  «Грамматика  латинского  языка  в  таблицах»  (2006ж.)  деген  оқу-әдістемелік  құралында  латын  тілінің  грамматикасын    кесте  үлгісінде   шығарды.   Латын тілінің оқытушылары   Т.Д.Татаренко,  А.А.Токпанова,  А.Д.Исабекова,  Е.К.Лисариди   «Тестовые  задания  по   латинскому  языку»  (2010ж.) атты тест тапсырмалар жинағын шығарды.

Кафедра  оқытушылары монографиялар, әр түрлі  сөздіктер, оқу құралдарын шығарып, оқу-әдістемелік және ғылыми бағытта жемісті еңбек етуде.

2010 жылдың ақпан айынан бастап қазақ тілі кафедрасы құрамына латын тілі курсы қосылды.

Қазіргі  таңда кафедраның профессор – оқытушы  құрамында 27 оқытушы, олардың ішінде 5 доцент, 14 аға оқытушы, 4 оқытушы,  2 аға  лаборант, 2 лаборант  қызмет  етеді.

Поисковые слова::