2011-2012 оқу жылына орыс тілі кафедрасынынң құрамы:
Кафедра меңгерушісі: педагогика ғылымдарының докторы,профессор, педагогикалық білім беру ғылымдарының халықаралық академиясының академигіРесей, Мәскеу), ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері, қазақ тілінде оқыту мектептерінің 5,7,10 сыныптары үшін орыс тілі бойынша қолданыстағы бағдарламалары мен оқулықтарының авторы Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейсова.
Жалпы – 28 оқытушы, соның ішінде 1 профессор, п.ғ.д. Ұлбосын Ахметжанқызы Жанпейсова, 4- педагогика ғылымдарының кандидаты: П..Чумбалова, , Р. Ж. Дәркембаева, М.Н. Низамова, Н.А. Өзекбаева, 3 доцент, 15- аға оқытушы, 6-оқытушы, 2-тағылымдамадан өтетін оқытушы.
Кафедраның негізгі ғылыми бағыты ретінде оқытудың кредитті жүйесі жағдайында орыс тіліне кәсіби бағыттап оқыту мәселелерін зерттеу болып табылады.
ПОҚ негізгі міндеттері:сөйлеу қызметінің негізгі салалары мен түрлері барысында болашақ медицина қызметкерлері студенттерінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру, орыс тілі құралдары арқылы негізгі коммуникативтік мәселелерді шешу, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, орыс тілі құралдары арқылы негізгі коммуникативтік мәселелерді шешу, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруына ықпалын тігізетін ақпарат алу үшін мамандығы бйынша ғылыми әдебиетті пайдалану.
Кафедраның ғылыми қызметінің бағыттары:
- Жоғары білім беру жүйесінде жаңғырту жағдайында орыс тілін ана тілі емес ретінде оқытудың инновациялық стратегиясы мен тактикасы;
- кредиттік технологиялар жағдайында оқу үрдісінің ұйымдастыру нысандары мен әдістері;
- сөйлесудегі оқу кәсіби саласындағы студенттердің танымдылық қызметінің белсендіру әдісі, олардың тіл мен сөйлесу құдыреттілігін жетілдіру, бәсекеге қабілетті маман ретінде олардың тілдесе алатын тұлға қабілеттерін қалыптастыру;
- кредиттік технологиялар жағдайында студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері;
- студенттердің болашақ мамандығын есепке алумен тілдік материялын іріктеу және ұсыну;
- студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы (СҒЗЖ):
Жыл сайын кафедрада пән бойынша олимпиада, университеттің ғылыми күніне арналған конкурс, ең үздік шығармаға конкурстары ұйымдастырылып, өткізілуде. Қазақ топтарының 1 курс студенттері ЖОО арасында өтетін студенттер іс-шараларына қатысады.
Кафедраның инновациялық қызметі
Кафедра мүшелерімен үйренушілердің танымдылық қызығушылықтарын және мұқтаждықтарын көрсететін мұқтаждықтарын көрсететін бағдарламалық тақырыптар шеңберінде суденттердің тілдесу әрекеттерін ынталандыратын интрактивтік әдістері, коммуникативтік негізінде оқу әдістері, ғылыми стилінің құрылымдарын енгізу, студенттердің болашақ мамандықтарымен байланысты оқу мәтіндерін қолдану кеңінен қолданылады.
Енгізу нәтижелері алдағы дәрігерлік қызметіндегі коммуникативтік құзыреттін қалыптастыру, кәсіби тілдесуде мәдениеттілігіне үйрету болып табылады.
Қаз ҰМУ орыс тілі кафедрасы барлық факультеттер үшін ОМБС сәйкес тиісті оқу әдістемелік материалдарымен, нұсқаулық хаттарымен, жұмыс бағдарламаларымен, силлабустарымен қамтамасыз етілген:
медицина университетінің студенттері үшін «орыс тілі» бойынша оқу жұмыс бағдарламасы 6 кредиттен тұрады және оған 4 модуль жатады:
- 1 модуль «Орыс тілінің кіріспе курсы»;
- 2 модуль – «Сөйлеудің функцияналды стильдері»;
- 3 модуль – «Ғылыми мәтін№ Ғылыми мәтіннің компрессиясы».
- 4 модуль – «Кәсіби саладағы тілдесу әрекеттердің мәдениеті»
Тәрбие жұмыс Қаз ҰМУ даму стретегиясының жүзеге асыру бойынша 2011-2012 ж.ж. арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылады. Кафедра мүшелерімен айтарлықтай алуан тәрбие жұмысы жүргізіледі: кездесулер, экскурсиялар, орыс, қазақ әндері, өлең оқу сайыстары және т.б. ұйымдастырылып өткізіледі «Қаламқас» деген эстетикалық тәрбиелеу клубы табысты қызмет етеді. (жетекшісі аға оқытушы С.Б. Кембеков)
Жоспар әзірлеу барысында студенттердің рухани тіршілігінің мүдделері мен көп қырлары ескеріледі:
- Эстетикалық ой – өрісін кеңейту;
- Рахани адамгершілік мәдениеті;
- Салауатты өмір салтының нормаларын сақтау.
2011 жылдың қортындылары бойынша жұмысты жандандырғаны және АҚ пен ТЖ бойынша қызметкерлерді дайындауда жоғары корсеткіштері үшін орыс тілі кафедрасы айына, аталмыш жұмыс үшін жауапты аға оқытушы Ұ.А. Ботатаеваға алғыс жариялаған.
Қазіргі таңда дайындық бөлімшесінде Ауғаныстаннан келген студенттер оқиды.