«Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика» кафедрасының меңгерушісі болып, т.ғ.к, проф., АХА-ның корр. мүшесі, Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы жұмыс атқарып келеді. 1995 жылы
«Диагностикалаудың ақпараттық-технологиялық әдістерін дайындау және олардың негізінде автоматтандырылған жүйені құру» атты кандидаттық диссертациясын Әль-Фараби атындағы ҚазМУ-да қорғаса, 1999 жылы «Информатика» мамандығы бойынша доценттік атақ берілді. 2009 жылдан бастап АХА-ның корр. мүшесі атағы бар. 65-тен астам ғылыми басылымдардың, оның ішінде 5 авторлық куәліктің авторы. «Медицинадағы информатика негіздері» (1997ж), «Медицинадағы жоғарғы математиканың негіздері» (2004ж) атты жарық көрген оқу құралдары бар. Әль-Фараби атындағы ҚазМУ базасы негізінде «Медицинадағы математикалық модельдеу » атты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары» (2007ж) атты монографиясы жарық көрген.