22 қазан сағат 12.00-де С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Информатика» модульінде, Қазақтың батыр қызы Мәншүк Маметованы еске алу, сонымен қатар модуль ардагерлерін құрметтеу кеші өтіледі.
Келем деушілерге есік ашық.
Модуль ұжымы
01.06.12 күні медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы қызметкерлері мен жалпы медицина факультетінің 04/2 топ студенттері «Жанұя» балалар үйіндегі балаларды мерекелерімен құттықтап қайтты.
Аға оқытушы Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және 4/2 топ студенттері
Шараға ректордың кеңесшісі профессор Ж.Ғ.Мустафина, жалпы медицина факультетінің 1 курс және денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент факультетінің 3 курс студенттері қатысты. Бағдарлама бойынша студенттер өздері дайындаған көріністер, видеороликтер көрсетілсе, сонымен қатар өздері шығарған өлеңдер мен әндер шырқалды.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мәдени іс-шараларды қолдау аясында,тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен, қалыптасқан дәстүрлі мерекелік шараның бірі «Екі жұлдыз» вокалдық ретро-ән байқауы өз мәресіне жетті. Осы ән-байқауға кафедрамыздың информатика пәнінің оқытушысы Баракова Әлия Шаризатқызы және 1-курс студенті Амангелді Жанат қатысқан болатын. Сонғы 3- турда қатысушыларымыз «Балалық шаққа саяхат» әнін орындап шыгып, үш турдын қорытындысы бойынша 1- орынды еншіледі.
«Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика» кафедрасының меңгерушісі болып, т.ғ.к, проф., АХА-ның корр. мүшесі, Нұрмағанбетова Мүгүльсүм Омарқызы жұмыс атқарып келеді. 1995 жылы
«Диагностикалаудың ақпараттық-технологиялық әдістерін дайындау және олардың негізінде автоматтандырылған жүйені құру» атты кандидаттық диссертациясын Әль-Фараби атындағы ҚазМУ-да қорғаса, 1999 жылы «Информатика» мамандығы бойынша доценттік атақ берілді. 2009 жылдан бастап АХА-ның корр. мүшесі атағы бар. 65-тен астам ғылыми басылымдардың, оның ішінде 5 авторлық куәліктің авторы. «Медицинадағы информатика негіздері» (1997ж), «Медицинадағы жоғарғы математиканың негіздері» (2004ж) атты жарық көрген оқу құралдары бар. Әль-Фараби атындағы ҚазМУ базасы негізінде «Медицинадағы математикалық модельдеу » атты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Диагностикалау мен ауруды алдын-ала болжаудың ақпараттық-математикалық болжаулары» (2007ж) атты монографиясы жарық көрген.