Денсаулық сақтаудағы экономика кафедрасы

«Денсаулық сақтаудағы экономика» кафедрасы «Қазақстан тарихы, мәдениеттану және экономикалық теория» кафедрасының негізінде ұйымдастырылып, 2007 жылдан бастап «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент» факультетінің дербес кафедрасы ретінде жұмыс атқарып келеді. Кафедраның алғашқы жетекшісі экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Алшынбай Айнур Мұхтарқызы болып табылады. Кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамында 1 экономикалық ғылым докторы, 3 экономикалық ғылым канидидаты, 3 аға оқытушы және 5 оқытушыдан құралған. Кафедра құрамының көптеген жас қызметкерлері кәсіби деңгейін арттыру мақсатында магистратурада білімін жетілдіріп, магистрлік диссертация жазуда. 2009 жылдан бастап, жоғары білікті маман, 10 жыл бойы оқытушылық қызметпен айналысқан, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Садыров Ғани Ауесханович кафедраның меңгерушісінің міндетін атқаруда.

Кафедра Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына бакалаврлар мен магистрлер дайындауға өз үлесін қосуда. Еңбек нарығының сұранысын есепке ала отырып, кафедрада алғашқы білімі бар мамандар үшін екінші мамандық алуға және орташа арнайы білім негізінде оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Студенттер экономикалық теорияны, макро- және микро-экономиканы, кәсіпорын экономикасын, денсаулық сақтаудағы экономиканы, статистика, эконометрика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, экономиканы мемлекеттік реттеу, қаржы нарығы және делдалдары, нарықтық экономика негіздері және денсаулық сақтауды қаржылық талдау пәндерін оқуда.

2009 жылдан бастап «Менеджмент» мамандықтарының оқытылу курсына элективтік пәндер қосылды, олар: денсаулық сақтаудағы шағын және орта бизнес, баға белгілеу, халықаралық экономика және өзге де арнайы пәндер.

 

Поисковые слова::