Кафедра тарихы. Дене 1935 шынықтыру кафедрасы жылы құрылды. Бірінші кафедра меңгерушісі болып (1935 – 1938 ж. ж.) Попова Е. Н. болды. 1938 және 1940 жылдары кафедраны Макаренко Б. Г. басқарды. 1940 және 1952 жылдары Гут А. Г. басқарса, содан кейін 1925 және 1973 жылдар аралығында Сералиев М. С. 1974 және 1980 жылдары Иванов И. П., 1981 – 1995 жж. Смирнов В. М. 1996 – 2008 жылдар аралығында кафедраны доцент Рябцов Ю. А. басқарып келді.
1952 – 1973 жылдары М. С. Сералиева кафедра меңгерушісі болып қызмет істеген кезде кафедраның материалдық – техникалық базасы көп нығайды. 1200 шаршы метрлік ауыр атлетика спорт кешені салынды. 1951 – 1973 жыл аралығында Ыстықкөлдің жағасында спорттық емдік қызмет істей бастады. Жазғы кезде жүзден астам студенттермен Университет қызметкерлері демалды. Кафедра оқытушыларымен әр спорт әр спорт түрлерінен 20 – дан астам спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және жүз шақты 1,2,3 разрядты спортшылар дайындалды.
ҚазҰМУ мақтаныштары Олимпиада чемпионы Олег Антропов (волейболдан) және КСРО құрама командасының капитаны Сергей Котенко (су добынан).
Көп жылдар бойы кафедрада Ұлы Отан соғысының ардагерлері доцент М. Б. Брусиловский, аға оқытушы А. П. Спивакина, аға зертханашы М. Т. Кудряшева қызмет етті.
2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін п.ғ.к. доцент Т. С. Бекболатов кафедра меңгерушісі болып қызмет атқаруда. Кафедраның мақтаныштары болып кафедра оқытушылары: Олимпиадаға қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ж. Ж. Сатубалдин Сидней, Австралия, 2000 ж. суда есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, А. Ж. Иманбаев 2008 ж грек – рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы.
Атлант, АҚШ 1996 жылы, Афина Греция 2004 жылы садақ ату, Олимпиада ойындарының бас жаттықтырушысы А. П. Короткий. Ұлттық Олимпиада комитеті орденінің иегері, жеңіл атлетика ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы 2008 жылы Пекинде өткен мүмкінділігі шектеулі спортшылардың бас жаттықтырушы В. М. Радоснов.
Бокстан 1975 – 1977 жылы Германия және Польшада өткен бес халықаралық турнирдің жеңімпазы спорт шебері А. Н. Самойленко болды.
Кафедрада студенттер арасында тәрбие жұмысын келесі негізгі бағыттар жүргізіледі:
Тәрбие жұмысы-бойынша «Экстремиз және терроризм», «Ішімдіктің және шылымның денсаулыққа зияны», ҚР тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылда жеткен спорттық жетістіктері, «Рухани келісім апталығы» тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер жүргізілді.
Бұқаралық–спорттық жұмысы, салауатты өмір салтын насихаттау, жатақанадағы іс-шаралар, патриоттық, құқықтық және еңбек тәрбиесі, университет аралық жоғары оқу орындары аралық іс – шаралар.
Бұқаралық — спорттық жұмыстар Қаз ҰМУ ректоры бекіткен спорттық іс – шаралар жоспарына сәйкес негізделген. Университеттің спорт базасында спорт түрлерінен машықтану сабақтары жүргізіледі. Волейбол, бокс, грек–рим күресі, қазақша күрес, дзюдо, самбо, жеңіл атлетика, атлетикалық гимнастика, шағын футбол, баскетбол, ырғақты гимнастика, кикбоксинг.
Жыл сайын Университетке бірінші курс аралық және факультет аралық Спартакиадалар өткізіледі.
2009 ж. ҚазҰМУ студенттері дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы оқытушыларының басшылығымен ҚР V жазғы Универсиадада 7-орынға ие болды.
Соңғы жылдағыдан кафедра бірінші рет 2009 – 2010 оқу жылында Қаз ҰМУ — дың 80 – жылдығына байланысты Профессорл-Оқытушылық Құрамы арасында төрт спорт түрінен Спартакиада өткізілді.
2011-2012 оқы жылында ҚР ЖОО орындарының студенттері арасында V қысқы Универсиада бес спорт түрлерінен: шаңғы спорты., Армрестлинг., Пауэрлифтинг., шағын футбол., Гір спортына студенттер қатысты.
Жалпы айтқанда кафедраның жұмысы, студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы денсаулықты нығайтуға бағдарланған. Осы бағытта ғылыми және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Болашақ дәрігерлердің кәсіби – қолданбалы дайындығы орындалады.
Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Бекболатов Т.С.