Модуль тарихы

Физика кафедрасы институттың алғашқы 10 кафедраларының бірі ретінде 1931 жылы 25 қарашада  құрылған. Кафедраның ұйымдастырылуы кезеңінде онда 4 адам болды (кафедра меңгерушісі, 2 оқытушы, 1 зертханашы). 1931-1932 жылдары физика кафедрасы сол кезде дәрістер оқылып, зертханалық жұмыстар жүргізілген ҚазПИ-дің ғимаратында орналасты. 1938 жылдан педиатрия факультетінің ашылуына байланысты кафедра штаты 7 адамнан құралды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра 3 факультеттің: емдеу, педиатрия және санитарлық-гигиеналық  студенттерімен оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді, қызметкерлер саны 9 адамға жетті (кафедра меңгерушісі, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 зертханашы).

50-ші жылдардың екінші жартысында оқытудың сырттай және кешкі формаларының ұйымдастырылуымен, сонымен қатар фармацевтика мен стоматология факультеттерінің ашылуымен кафедрадағы оқу үрдісі көпсалалы болып қалыптасты. 1966 жылы кафедрада спектрлік зертхана құрылды, бұл кафедра қызметкерлеріне оқыту жұмысымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге мүмкіндік берді. Ғылыми жұмыстың негізгі тақырыбы: «Биологиялық ұлпалардағы микроэлементтердің құрамын анықтау» болды. Осы мезгілде кафедрада тек физика кафедрасының ғана емес, институттың басқа кафедраларының да құралдарын жөндеуге арналған механикалық шеберхана құрылды.

1975 жылдан кафедрада жаңа оқыту бағдарламасы игерілді, оған міндетті зертханалық сабақтары бар, емдеу және педиатрия факультеттерінің 2-курс студенттеріне арналған жаңа мамандық түрлері – медициналық электроника мен медициналық кибернетика және стоматология факультетіне арналған материал тану негіздері енгізілді.  Кафедра ұжымының күшімен оқытушылар мен студенттерге арналған қажетті әдістемелік құралдар жасалынды. 1991-2012 жылы Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика кафедрасы болып құрылды.   2012 жылдан бастап  «Информатика модулі» қазіргі уақытқа дейін кафедра №2 оқу ғимаратына орналасқан.

 

 Информатика модулі 1931-2012жж.

Кафедраның негізін салушы – физика-математика ғылымдарының докторы Литвинов Всеволод Федорович, 1931 жылдан 1934 жылдары жұмыс істеді.; Масленников Исмаил Павлович – доцент, 1935 жылдан 1940 жылдары кафедрада меңгеруші болды.; Лазарев Петр Петрович – академик, КСРО ҒА биофизикалық зертханасының директоры, кафедрада 1941 жылдан 1942 жылдары меңгеруші болды.; Акулов Николай Сергеевич – академик, БССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1942 жылдан 1943 жылдары басқарды.; Слуцкий Абрам Александрович – академик, УССР ҒА нақты мүшесі, кафедраны 1943 жылдан 1944 жылдары басқарды.; Масленников Исмаил Павлович – кафедраны 1945 жылдан 1954 жылдары басқарды. ; Казачевский Валентин Михайлович – доцент, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚазССР ҒА асто-физикалық институтының Ғылыми хатшысы, физика кафедрасын 1955 жылдан 1972 жылдары басқарды.; Кұдұсов Жұмаш Кұдұсұлы – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1972 жылдан 1984 жылдары басқарды.; Әдібаев Берік Мұкатұлы – профессор, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедраны 1984 жылдан 2008 жылдары басқарды. 2008-2012 жылдан бастап кафедраны АХА-ның корр. мүшесі., проф. Нұрмағамбетова Мүгілсім Омаровна басқарды. 2012- оқу жылынан бастап педагогика ғылымдарының кандидаты  доцент Ажибекова Жанар Жубандыковна басқарады.

Кафедра заманауи кезеңде

Қазіргі уақытта кафедра штаты 12 қызметкерден тұрады, олардың ішінде: 3  доцент, 5  аға оқытушы және 4  оқытушы. Кафедрада ғылым саласының  әртүрлі бағытында зерттеулер жүргізіледі; 3 ғылым кандидаты.

Информатика модулінде оқытушыларының көмегімен барлық методикалық нұсқаулар (жұмыс бағдарламасы, силлабустар, бақылау тестілік тапсырмалар және т.б.) дайындалды. ҚазҰМУ-де болондық үрдіс бойынша  жаңа медициналық білім моделі ендірілуде. Барлық оқытылатын пәндерден жаңа модель үлгісінде оқу  -әдістемелік кешендері бес құзыреттілік бағытымен жаңартылды. 

Оқытушылар құрамы

Андаспаева Айгуль Абжаппаровна к.ф-м.н.доцент

Шадинова  Кунсулук.п.н.доцент

Джаханова Бақыт Нұрсағатовна

Аға оқытушы

Рахимбаева Гулбаршын Сабитовна

Аға оқытушы

Жусипбекова Шолпан Ерлепесқызы

Аға оқытушы

Сержанова Қуралай Шерхановна

Аға оқытушы

Омарбаева Арайлым НурахымовнаАға оқытушы

Омарбаева Арайлым Нурахымовна

Аға оқытушы

Жыланбаева Балқия Карибаевна

оқытушы

Баракова Алия Шаризатқызы

оқытушы

Бекенаева Кымбат Слямовнаоқытушы