Биыл еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығын атап өткелі отыр. Отан үшін қан-қақсап майданда от кешкен аталарымыз бен әкелеріміздің, әжелеріміз бен аналарымыздың жанқиярлық ерліктері мен тылда еңбек еткендердің қажыр-қайраты ұрпақтан-ұрпаққа жететін өшпес үлгі, өлмес өнеге. Осы күндері елімізде қоғамдық-әлеуметтік, мәдени шаралар өткізіліп, ерлікке тағзым етілуде. Қарағанды мемлекеттік техникалық унмверситетінде ұйымдастырылған 27 сәуір күні өткізілген “ XXI ғасыр жастарының көзқарасындағы Ұлы Отан соғысы ” атты ғылыми-тәжірибелік конференция жас ұрпақтың жадында соғыстың қаншалықты қасірет әкелгенін жаңғырту, оған тарихи баға беру және жан-жақты терең зерттелуін нақтылай түсудегі айшықты шара болды. Конференцияға келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:
1.«Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқы Жеңісінің әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлары»
2. «Ұлы Отан соғысы батырларының өнегесінде қазіргі заман жастарына патриоттық тәрбие беру»
3. «Менің отбасымның тарихындағы Ұлы Отан соғысы»
Оған еліміздің түкпір-түпірінен келген студенттер қатысты. Олар Ұлы Отан соғысы тарихының зерттелуі жайында өзара пікір алысып, толғақты ойларын ортаға салды. Баяндамашылар шығып сөйлеп, Ұлы Отан соғысының көп салалы тарихы туралы әңгімеледі. 2 — секция бойынша «Фармация» факультетінің 11-003 тобының студенттері: Исламова Гүлбану мен Тыныбекова Жансулу «Кеңес Одағының батырлары: М.Мәметова және В.Иваниловтың ерліктері жастарға өшпес өнеге» тақырыбында баяндама оқыды. Олар медицина университетінің ержүрек студенттері жайында толыққанды баяндама жасады.
3- секция бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 231-1 тобының студенті Шайсұлтанова Гүлім өзінің туған атасы туралы толыққанды баяндама жасап, өзінің атасына деген жүрекжарды жыр жолдарымен аяқтады.
Бұл баяндамалар жинаққа кірді. Конференция соңында қатысушылардың барлығын «мадақтама хатымен» марапатталды.
Қазақстан тарихы, саясаттану секциясының
аға оқытушылары: Рсалдина Ғ.Т., Жолдыбаева С.А.
Исламова Гулбану 1 курс Фарм – 003 топ студенті