2012 жылы 24-ақпанда шет тілдер кафедрасында «Кафедра күні» өткізілді. Кеш барысында келесі іс-шаралар орындалды:
І. Кафедра оқу ісі меңгерушісі, аға оқыт. А.А. Садыкова ұсынған кафедра шығармашылығы туралы слайдтар түрінде презентация.
ІІ. Шекспирдің шығармашылығы бойынша және факультативтік сабақтар тақырыптары бойынша шағын қойылымдар көрсетілді.
Студенттер В. Шекспирдің «Ромое мен Джульетта», «Жазғы түндегі түс» сияқты әйгілі традегиясы мен комедиясынан классикалық көріністер көрсетті. Сонымен қатар «Менің болашақ мамандығым», «Ұлыбританияның салт-дәстүрлері» тақырыптары бойынша көріністер қойып, қажетті костюмдер мен көрнекі-құралдар дайындап, викториналық сұрақтарға жауап берді.
ІІІ. Шет тілдерінде ән сайысы өткізілді.
Сайысқа фармацевтика, стоматология және «Жалпы медицина» факультеттерінің 1-2 курстарының 30 студенті қатысты. Әділқазылар алқасы сайыскерлерге бесбалдық баға беріп, келесі көрсеткіштер түрлерін бағалады:
- әннің шет тілінде орындалуы
- вокальдық және әртістік қабілет
- музыкалық сүйемелдеу
- әнді сахналау
Сайыстың 8 жеңімпазы анықталды.
Стоматология факультетінің 11-005(1) топ студенттері Айман, Шолпан Галимовалар, «Жалпы Медицина» факультетінің 11-051(2) топ студенттері Байдаулетов Б. мен Ибрагимов А. І орынды иеленді. Оларға Дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар 2 екінші, 3 үшінші орын анықталды. Кафедра күнінде өткізілген сайыстың әрбір қатысушысы белсенділігі үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Кафедра меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова кафедра күніне қатысушыларға алғыс білдіріп, студенттер үшін тәрбиелік мәні зор және тілдік құзыреттілікті арттыруда үлкен маңызы бар осындай іс-шаралардың өтілуі дәстүрге айналатынын айтып өтті. Келешекте студенттеріміздің шет тілде ойлау қабілетін және даму ұстанымын жетілдіретіне кәміл сенім білдіреміз.
Сонымен қатар іс-шараға «Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» факультетінің деканы Н.Н. Иванченко қатысты. Ол студенттердің шығармашылық қабілеттілігін арттыру және талантты жастарды қолдау үшін кафедра күнінің өтілуінің маңызын айтты.
Аталған іс-шара студенттердің қызығушылықтарын арттырды, барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін, таланттарын көрсеткендеріне мүмкіндік бергендері шет тілдер кафедрасының ұжымына алғыстарын білдірді.