Білім үрдісін жақсарту мақсатымен ҚР Мемлекеттік білім стандарты бойынша ҚазҰМУ — да 2003 № 02.1 5.01.04 жылы “Мейірбике ісінің негіздері жеке кафедра болып құрылды.
Кафедра меңгерушісі- доцент, м.ғ.к. Биназаров Нұрболат Ділдебайұлы, оқу меңгерушісі-доцент м.ғ.к. Демин Евгений Павлович тағайындалды. Кафедра Алматы І бекетінің темір жол ауруханасы, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы (обл ауруханасы), Жедел жәрдем ауруханаларының клиникалық базаларында орналасқан. Соңғы жылы 1,7, Қалалық клиникалық ауруханасында, ХОСПИС-те, Ардагерлер үйінде, п. Каменка ауруханасында оқу бөлмелері қосылды.
Кафедрда мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай пәндер бойынша сабақтар жүргізеді:
- емдеу факультетінің фельдшер және акушер 1, 2 курс студенттеріне , шет ел студенттеріне мейірбике ісінің негіздері;
- медико-биологиялық факультетінің 1 курс студенттеріне мейірбике ісінің негіздері;
- бала емдеу факультетінің шығыс медицина бөлімінің 1,2 курс студенттеріне мейірбике ісінің негіздері;
- бала емдеу факультеті үшін терапиядағы мейірбике ісі;
- емдеу факультетінің 3 курс фельдшер және акушер, шет ел студенттеріне студенттеріне ішкі аурулар;
- емдеу факультетінің 2 курс жылдамдатып оқытылатын (5 жылд) студенттері үшін- ішкі аурулар.
Сонымен қатар кафедрада мынадай оқу–кәсіптік тәжірибелер жүргізіледі:
- 1 курс үшін- науқастың жалпы күтімі бойынша ОКТ;
- 1, 2 курс үшін- мейірбикелік ОКТ;
- диплом алдындағы ОКТ.
МББС бойынша-2006:
— «Жалпы медицина» мамандағы 1 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша;
— «Жалпы медицина» мамандағы 2 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша;
— «Мейірбике ісі» мамандағы 1 курс студенттеріне «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша;
— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттеріне «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша;
— «Стоматология» мамандағы 1 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні бойынша; «Фармация» мамандағы 4 курс студенттеріне «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» пәні бойынша;
Кафедрада элективті пән бойынша сабақ өткізіледі:
— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттеріне «Мейірбике ісі философиясы» пәні бойынша;
— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттеріне «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» пәні бойынша.
Кафедрада оқу-өндірістік тәжірбие жүргізіледі:
— «Жалпы медицина» мамандағы 1 курс студенттері үшін «Кіші мейірбике көмекшісі»;
— «Жалпы медицина» мамандағы 2 курс студенттері үшін «Мейірбике көмекшісі»;
— «Мейірбике ісі» мамандағы 1 курс студенттері үшін «Кіші мейірбике көмекшісі»;
— «Мейірбике ісі» мамандағы 2 курс студенттері үшін «Мейірбикелік».
Кафедраның оқытушы – профессорлық құрамының сипаты:
— Биназаров Нұрболат Ділдебайұлы –доцент, м.ғ.к., кафедра меңгерушісі.
— Сембаева А.Д.- доцент, м.ғ.к.
— Адилова Л.М. – м.ғ.к., ассистент
— Нурмаханова Ж.М. – ассистент
— Ердаш Б.Е. – ассистент
— Омарова Р.О.- ассистент
— Сейтимова Ш.А. – ассистент
— Оразбақова Г.О. – ассистент
— Таубекова Н.С. – ассистент
— Ботанбекова Қ.Р. – ассистент
— Жұбатқанова Ж.Қ.- ассистен
— Қалхожаева Ж.А..- ассистент
— Ахметов А.А — ассистент
— Көшербаева Е.Ш.-ассистент
— Рахышева А.А.- ассистент
— Ахметова И.Н. – ассистент
— Тлеуов Е.Т. – ассистент.
Дәрістерді оқитындар — Биназаров Нұрболат Ділдебайұлы кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к., Сембаева Айдана Дәуренқызы доцент, м.ғ.к.
Дәрістер көрнекті құралдармен жабдықталып, дәріс мәтіні, суреттер, схемалар мөлдір слайд-пленкаларға түсірілген.
Студенттерге, оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар, тест сұрақтары мен ситуациялық есептер кафедраның 2 персональді компьютерлерінде теріліп, көбейтілді.
Кафедра құрылғалы Мусинаның Н. С. ” Вегетативные и нейропсихологические расстройства у больных с хроническими заболеваниями почек” -тақырыбына кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми жетекшілері м.ғ.д. проф.Семенова Р.И.; м.ғ.д. проф. Абеуов Б.А. ҚазНМУ-дың бала емдеу фак. Ғылыми Советі 22.10.02, прот №2. 2005.
Кафедра құрылғалы жазылған басылымдар:
- Әдістемелік оқу құралы «Терапиядағы мейірбике ісі» Биназаров Н. Д., Омралина Э.Т., Мусаева Г. А.
- «Синдром вегетативной дисфункции у больных с хроническими заболеваниями почек», методикалық нұсқау Мусина Н.С.
- «Нейропсихологические расстройства у больных с хроническими заболеваниями почек», методикалық нұсқау Мусина Н.С.
- «Оценка функционального состояния головного мозга у больных с хроническими заболеваниями почек ». Симпозим, конференция, съезд , семинар материалдары – Халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференция
- « Актуальные проблемы неврологии», Мусина Н.С.
Кафедрада оқу методикалық нұсқаулар қазақ және орыс тілдерінде құрастырылған.Типтік жоспар бойынша барлық оқу методикалық құжаттары қазақ және орыс тілдерінде қайта қарастырылып,жаңартылды. Кафеданың ұжымы тәжірбиелік сабақтарға екі тілде 132 методикалық нұсқау (65 оқытушыларға және 61 студентер үшін), 684 ситуациялық есептер, тәжірбиелік сабақтарға және емтиханға 1620 тестер , 23 дәрістер дайындалып, қайта жаңартылды.